jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Алматыда ер адам жоғалып кетті

Полицей
Тәртіп сақшысы. Көрнекі фото: Polisia.kz

Алматыда Ермек Жақыпжанов есімді ер адам 9 қазанда таңғы уақыттан бері хабар-ошарсыз жоғалып кетті. Ол іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Алматы қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ермек Жақыпжанов жоғалып кеткені туралы ақпарат Telegram-дағы PRO КАДРЫ KZ арнасында жарияланды.

"Жоғалғанға дейін ер адам әдеттегідей жұмысқа кеткен. Бұл 9 қазан сағат 07:30 шамасында болды. Жақыпжанов Hyundai Genesis көлігімен шыққан", - делінген жазбада.

Алматылық LIDER.KZ еріктілері ер адамды іздестіріп жатыр.

Бұл жайтқа қатысты Алматы қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметі KAZ.NUR.KZ тілшісі пікір білдірді.

"Аталған дерек бойынша Алмалы аудандық полиция басқармасы іздестіру ісін бастады.

Жедел-іздестіру іс-шаралары кешені жүргізіліп жатыр", - деді ведомство өкілдері.

Алматыда ер адам жоғалып кетті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.