jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

Петропавлда алғашқы қар жауды (фото, видео)

Петропавлға қар жауды
Петропавлға қар жауды. Фото: instagram.com/ petro_smi

Қазақстанның солтүстігіндегі Петропавл қаласында күздің қақ ортасында алғашқы қар түсті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Қазан айында қар астында қалған қаланың суреттерін тұрғындар әлеуметтік желідегі парақшаларда бөлісіп жатыр. Табиғаттың тосынсыйына қатысты "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы да пікір білдірген.

"Солтүстік Қазақстан облысы Жезқазған – Петропавл автожолын жолшылар қардан тазалап, қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз етіп жатыр", - деді компния өкілдері.

Ал Qazaqstan телеарнасының Telegram-дағы арнасында өңірде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланғаны хабарланды. Синоптиктердің болжауынша, бүгін облыстың шығыс, батыс және солтүстік өңірлерінде қар аралас жаңбыр жауады. Соңы боранға ұласып, көктайғақ болуы ықтимал.

Ертең жекелеген аудандарда желдің екпіні секундына 30 метрге дейін жетуі мүмкін. Сондай-ақ ауа температурасы 7 градусқа дейін төмендейді.

Петропавлда алғашқы қар жауды (фото, видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.