Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Төрт адам қаза тапқан жол апаты: Ресейге жолаушы таситын Toyota Alphard жүргізушісі бес жылға сотталды

Жарияланған күні:

сот үкімін оқып тұрған судья
Сот үкімін оқып тұрған судья. Фото: KAZ.NUR.KZ

Ақтөбе - Орcк тас жолында бірнеше адамның өліміне әкеп соққан жол апаты бойынша үкім шықты. Сотталушы бес жылға бас бостандығынан және жеті жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды. Сонымен қатар ол екі жәбірленушіге 16 млн теңге моральдық, материалдық шығын төлеуге міндеттелді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты бүгін тағы бір іске үкім шығарды. Ақтөбе облысы Қарғалы ауданының тумасы Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігімен айыпты деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан және 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айрылды. Жазаны өтеу орны қылмыстық атқару жүйесінің қауіптілігі төмен орны деп белгіленді.

"Сотталушының кінәсі толық дәлелденді. Төрт адам көз жұмды. Сотталушы кәнісін мойындады. Қылмыстық іс абайсызда болған оқиғаға жатады. Сондықтан орташа ауыр іс. Сот жаза тағайындау кезінде бірінші рет істі болып тұрғанын, шын өкінетінін ескерді", - деді судья Нұрлан Бақтығалиев.

Сотқа екі жәбірленуші азаматтық талапарыз түсірген. Ол ішінара қанағаттандырылды. А.Е. пайдасына 7 млн теңге, З. Б. пайдасына 7 млн теңге моральдық, 2 млн теңге материалдық шығын өндіру міндеттелді.

Естеріңізге салсақ, биыл 6 маусымда Toyota Alphard көлігі жол апатына ұшырап, төрт жолаушы қаза тапқан еді. Бұған дейін хабарлағанымыздай, Toyota Alphard көлігінің 37 жастағы жүргізушісі айыптауға қарсылық білдірген жоқ. Өзіне тағылған айыпты толық мойындады.

Сондай-ақ бүгін Ақтөбе сотында жас дәрігер Мөлдір Томарованың өліміне қатысты аса ауыр қылмыстық оқиға бойынша сот үкімі шықты. 34 жастағы ер адамға Қылмыстық кодекстің төрт бірдей бабымен тағылған айып сотта дәлелін тауып, сотталушы 22 жылға бас бостандығынан айырылды.

Автор: Ардақ Ерубаева

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2173275-tort-adamnyng-omirin-qigan-zhol-apaty-reseige-zholaushy-tasityn-toyota-alphard-zhurgizushisi-bes-zhylga-sottaldy/