Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеден Ресейге жолаушы таситын көлік жол апатына ұшырап, 4 адам қаза болды (видео)

Опубликовано:

Апатқа ұшыраған көлік
Апатқа ұшыраған көлік. Видеодан кадр: instagram.com/polisia_aqtobe

Кеше, 6 маусымда түстен кейін Ақтөбе – Орск тасжолында жол-көлік апаты болды. Салдарынан 4 адам көз жұмып, біреуі ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы Ақтөбе облысы полиция департаментінің Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ведомство ақпараты бойынша, 5 маусымда сағат 15:00 шамасында Ақтөбе – Орск жолының Қарғалы ауданы Ащылысай аулының маңында Toyota Alphard автокөлігі аударылды. Апат салдарынан төрт адам қаза тауып, біреуі ауруханаға жатқызылды.

​"Автокөлік жүргізушісі Ақтөбе қаласынан Ресей Федерациясының Орск қаласына жолаушыларды тасымалдаумен айналысқан және жол-көлік оқиғасынан бірнеше сағат бұрын полиция қызметкерлері бұл жүргізушімен жол-көлік оқиғасының алдын алу бойынша профилактикалық әңгімелесу жүргізгені анықталды. Соған қарамастан жүргізуші полицейлердің ескертуін елемеген", - делінген хабарламада.

​Қазір жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр.

Облыстық полиция департаменті жол қозғалысының барлық қатысушысын жол ережелерін қатаң сақтауға шақырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2113185-politseilerding-eskertuin-elemegen-aqtobeden-reseige-zholaushy-tasityn-kolik-zhol-apatyna-ushyrap-4-adam-qaza-boldy-video/