Қазақстанның солтүстігінде қар жауды: үш облыста жолдар жабылды
Жарияланған күні:
Читать на русскомҚазақстанның бірнеше облысында қар жауып, құтқарушылар мен полицейлер көлік жүргізушілеріне жолдардағы жағдай туралы ескерту жасады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Telegram-дағы "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ арнасының мәліметінше, 2024 жылғы 11 қазанда сағат 17:00-де Ақмола облысында ауа райының бұзылуына байланысты "Астана-Петропавл" автожолының (18-304 шақырым аралығы) Астана қаласынан Көкшетау қаласына дейінгі учаскесінде автокөліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.
Сонымен қатар Ішкі істер министрлігінің Poliia.kz ресми медиа-порталының хабарлауынша, ауа райының нашарлауына байланысты Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері жүргізушілерге үндеу жасады. Жүргізушілерге ауа райы болжамын мұқият қадағалап, жол жағдайының күрт өзгеруіне дайын болуға, сондай-ақ қысқы дөңгелектерді дер кезінде ауыстыруға шақырды.
Қостанай облысының полицейлері жүргізушілерге үндеу жасады. Өңірде алдағы күндері аймақта жаңбыр мен қар, боран мен көктайғақ түрінде жауын-шашын күтіледі. Желдің екпіні секундына 28 метрге дейін жетуі мүмкін, ал ауа температурасы 2 градусқа дейін төмендейді.
Дауылдың алдын алуға байланысты тәртіп сақшылары жолдарда аса сақ болуға шақырады.
"Қысқы дөңгелекті уақтылы ауыстыру, мүмкіндігінше алыс жолға шықпау, жылдамдық режимін және қауіпсіз ара-қашықтықты сақтау, ТЖМ жариялаған хабарламаларды міндетті түрде бақылауда ұстау қажет", - деп ескертті полицейлер.
ТЖМ мәліметінше, "ҚазАвтоЖол" ҰК " АҚ деректері бойынша Ақмола облысындағы республикалық және 8 облыстық маңызы бар А/д 1-ші учаскесінде ауа райына байланысты (қар, температураның -6 градусқа дейін төмендеуі) барлық автокөлік түрлері үшін жабылатыны ескертілді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2173287-qazaqstannyng-soltustiginde-qar-zhaudy-ush-oblysta-zholdar-zhabyldy/