jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Аида Тақабаева
Аида Тақабаева
Бұрынғы қызметкер

Астанада алғашқы қар жауды (фото)

Сәкідегі қар
Астанадағы қар. Фото: NUR.KZ / Әйгерім Асқарова

Жұмада еліміздің солтүстік өңірлерінде алғашқы қар жауды. Сенбі таңертең Астана көшелерін де қар басты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Кеше Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Қостанай облыстарында биылғы алғашқы қар түскенін жазған едік.

Таңертең Астанада да қар ұшқындай бастады.

Қар
Астанада жауған қар. Фото: NUR.KZ / Әйгерім Асқарова

12 қазанда Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды – еліміздің бірқатар өңірінде қар жауып, көктайғақ болады, боран соғады деп болжанды.

Сондай-ақ синоптиктер еліміздің ірі қалалары бойынша ауа райы болжамын ұсынды.

Болжам бойынша, бүгін Алматыда өткінші жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы 12 градусқа дейін көтеріліп, түнде 9 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 3,2 м/с болмақ.

Астанада, синоптиктердің болжамынша, аздаған қар жауады. Күндіз ауа температурасы 1 градусқа дейін жетіп, түнде -5 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 9,4 м/с болады.

Шымкентте бүгін бұлт шығады деп болжанып отыр. Күндіз термометр бағаны 21 градусқа дейін жетіп, түнде 9 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 6,4 м/с деңгейінде болмақ.

Астанада алғашқы қар жауды (фото)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.