Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атыраулық дәнекерлеуші темірден ерекше мүсіндер жасап, еуропалықтардың қызығушылығын туғызды (фото)

Жарияланған күні:

Александр Речкин
Александр Речкин. Фото: жеке мұрағатынан

Атыраулық 46 жастағы дәнекерлеуші Александр Речкиннің темірден жасаған туындыларына шетелдіктер де қызығушылық танытып жүр. Ол ерекше дизайнмен темірден түрлі мүсіндер жасайды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Александр Речкин арқардың, бұғының, бүркіттің, жылқының, қасқырдың макетін, басқа да мүсіндерді темірден ойып жасайды. Оның ерекше туындыларын атыраулықтар ғана емес, басқа мемлекеттерден де тапсырыспен алдырады. Оның қолынан шыққан дүниелер Германия, Ресей, Беларусь, Литва, Бельгия мемлекеттерінің көшелерінде, аулаларда орнатылған.

Александр Речкин
Александр Речкин. Фото: KAZ.NUR.KZ

"Бұл іспен 2 жыл бұрын инфаркт алғаннан кейін айналыса бастадым. Бұған дейін темірден қақпа жасап жүрдім, бірақ дәрігерлер ауыр көтеруге тиым салғандықтан мүсін жасаумен айналыса бастадым. Бұл менің хоббиіме айналды, кейін тапсырыстар да түсе бастады", - дейді Александр Речкин.

Алғашында Александр әткеншек, мангал, қақпаға оюлар жасаумен айналысқан. Кейін мүсін жасауды қолға алған.

мүсін
Мүсін. Фото: Александр Речкиннің жеке мұрағатынан

"Бұл бағытта мүсін жасайтындар әлемде өте аз. Сондықтан басында ешқандай ақпарат болмады. Өзім күні-түні шеберханамда түрлі эксперимент жасап, ерекше стильдегі мүсінді өзім ойлап тауып, құрастырдым. Кейін әлемде де бұл стиль танылып кетті, көп адамның қызығушылығын туғызды", - дейді кейіпкер.

мүсін
Мүсін. Фото: Александр Речкиннің жеке мұрағатынан

Александр Атыраудағы Балық шаруашылығы колледжін аяқтап, балық инспекциясында қызмет еткен. Кейін ұзақ жылдар бойына жүргізуші болған. 10 жыл бұрын қызығушылықпен өзіне дәнекерлеу аппаратын алып, үйге қажетті заттарды жасай бастаған. Ал қазір бұл іс тек хоббиі емес, табыс көзіне айналды дейді ол.

мүсін
Мүсін. Фото: Александр Речкиннің жеке мұрағатынан

"Жұмыс барысы өзіме де ерекше рахат сыйлайды, демалып қаламын. Еңбектің нәтижесін көргенде төбем көкке жетеді. Қазіргі кезде әкімдіктің тапсырысымен доп ұстап тұрған адамның бейнесін жасап жатырмын. Жаңа спорт кешенінің алдына қойылады", - дейді ол.

Александр өз ісіңді сүйіспеншілікпен жасасаң, талмай еңбек етсең ғана нәтижеге жетуге болады дейді.

Автор: Әйгерім Сайқын

Александр Речкин
Александр Речкин. Фото: жеке мұрағатынан

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2173395-atyraulyq-danekerleushi-temirden-erekshe-stildegi-musinder-zhasap-europalyqtardyng-qyzygushylygyn-tugyzdy/