jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Қостанай облысының бұрынғы әкімі өмірден өтті

Кенжебек Укин
Кенжебек Укин. Фото: instagram.com/qumaraqsaqalov

Қазақстанның белгілі мемлекет қайраткері Кенжебек Укин 84 жасында өмірден өтті. Саясаткердің қайтыс болғаны туралы хабарды Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Instagram-дағы парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Кенжебек Укинович Укиннің өмірден озғаны туралы суыт хабарды зор күйзеліспен қабылдадық. Ол елдің дамуына үлкен үлес қосқан абыройлы мемлекет және қоғам қайраткері болды. Кенжебек Укинович еңбек жолын мұғалімдіктен бастап, облыс әкімшілігінің басшысына дейінгі ұзақ жолды жүріп өтті. Ол әсіресе Қазақстанның тәуелсіздігін қалыптастыру жылдарындағы қиын кезеңдерде ерен еңбегімен танылды

Марқұмның отбасы мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамыз. Оның еңбегі мен парасаты болашақ ұрпаққа әрдайым үлгі болып қалады,

Жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын ", - деп жазды облыс әкімі.

Қостанай облысының бұрынғы әкімі өмірден өтті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.