Қарағанды облысындағы Саран қаласында әлі жылу жоқ: әкім себебін түсіндіріп, видеоүндеу жолдады
Жарияланған күні:
Қарағанды облысындағы Саран қаласында қала тұрғындары әлеуметтік желіде жылусыз отырғанын айтып, шағымданған. Кейін Саран қаласының әкімі Еркін Баулықов аталған мәселеге қатысты видеоүндеу жолдады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ әкімнің Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап.
Қарағанды облысының Саран қаласына әлі күнге дейін жылу берілмеген.
Саран қаласының әкімі Еркін Баулықов аталған мәселеге қатысты бейнеүндеу жолдап, жақын арада пәтерлерге жылу берілетінін айтты.
"Қазіргі таңда бір қазандық жұмыс істеп тұр. Температура көтеріліп жатыр. Қазір жылу пунктінің орталық желілерінде көрсеткіш 50-ге жетті. Жақын арада бұл жылу үйлерге де жетеді. Өкінішке қарай, бізде жаңа қазандық, ол біртіндеп жылынады. Барлық қажетті жұмыстар жүргізіліп жатыр", - деді қала әкімі.
Әкім қолайсыздық үшін тұрғындардан кешірім сұрап, жақын арада пәтерлерге жылу беріледі деп сендірді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2173636-qaragandy-oblysyndagy-saran-qalasynda-ali-zhylu-zhoq-akim-sebebin-tusindirdi/