Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте полицей масаң күйде көлік айдаған: қалалық ПД қандай шара қолданды

Жарияланған күні:

Полиция көлігі
Полиция көлігі. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Шымкентте масаң күйде көлік басқарған полиция қызметкері жұмыстан шығарылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Полицей Шымкент қаласындағы Арғынбеков көшесінде Toyota Сorolla автокөлігін масаң күйде басқарғаны анықталған еді. Ол сотта кінәсін мойындап, өкінетінін айтып, қатаң жаза қолданбауды сұраған.

Масаң күйде рөлге отырған азамат полиция қызметкері болғандықтан, сот әкімшілік қамаққа алу түріндегі әкімшілік жаза қолдануға болмайды деген тұжырымға келді. Сөйтіп полицейді 7 жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыру жазасын тағайындады.

Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз хатшысы KAZ.NUR.KZ тілшісіне аталған азамат құқық қорғау органының беделін түсіретін әрекеті үшін жұмыстан шығарылғанын айтты.

"Шымкент қаласы ПД-нің жеке құрам бойынша инспекциясымен рейдтік іс-шара жүргізу барысында масаң күйде автокөлік басқарған полиция қызметкері анықталды.

Дисциплинарлық комиссияның шешімімен құқық қорғау органының беделін түсіретін әрекеті үшін полицей ішкі істер органдарының қатарынан шығарылды.

Полиция департаментімен жеке құрам қызметкерлерінің тарапынан құқық бұзушылықтарға жол бермеуге бағытталған профилактикалық іс-шаралар тұрақты түрде жүргізіледі", - делінген хабарламада.

Еске салайық, шілдеде Өскеменде мас күйде көлік жүргізген полиция қызметкері 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2173810-shymkentte-politsei-masang-kuide-kolik-aidagan-qalalyq-pd-qandai-shara-qoldandy/