Еңбек министрі кәсіпкерлікті дамыту бағдарламалары халықты жұмыспен қамтуда төмен нәтиже көрсеткенін айтты
Жарияланған күні:
Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова үкімет сағатында кәсіпкерлікті дамытуға және индустрияландыруға бағытталған бағдарламалардың жеткілікті деңгейде нәтиже көрсетпегенін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Оның сөзінше, соңғы он жылғы статистика бұл бағдарламалардың еңбек нарығындағы жұмыссыздықты шешуге әсері төмен екенін көрсетіп отыр.
"Мемлекеттің экономиканы ынталандыру бойынша қабылдаған белсенді шараларына қарамастан жеке бизнестің жаңа жұмыс орындарын құруға қосқан үлесі шамамен 20 пайызды ғана құрайды. Бұл Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымы елдерімен (ЭЫДҰ) салыстырғанда төрт есе аз.
Тиісінше, бүгінгі күні жұмыс орындарының өсімін өнімділігі төмен салалар мен мемлекеттік сектор қамтамасыз етіп отыр", - деді Светлана Жақыпова.
Осы ретте министр бұл процестің жанама салдарын да айтты. Оның сөзінше, Қазақстан еңбек өнімділігі бойынша Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымы елдерінен үш есе артта қалған. Сондай-ақ қазіргі уақытта жұмыс күші аграрлық саладан қызметтер мен саудаға қарай ойысқан. Светлана Жақыпова бұл негізгі сын-қатерлердің бірі екенін айтты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2173864-engbek-ministri-kasipkerlikti-damytu-bagdarlamalary-halyqty-zhumyspen-qamtuda-tomen-natizhe-korsetkenin-aitty/