Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"973 адам елден шығарылды": Түркістан облысында көші-қон заңнамасын бұзған шетелдіктер анықталды

Жарияланған күні:

Түркістан облысында көші-қон заңнамасын бұзған шетелдіктер анықталды
Түркістан облысында көші-қон заңнамасын бұзған шетелдіктер анықталды. Фото: Polisia.kz

Биыл Түркістан облысында көші-қон заңнамасын бұзған 4781 шетелдік азамат анықталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Polisia.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Түркістан облысында тәртіп сақшылары көші-қон саласындағы заң бұзушылықтарды анықтау мақсатында шетелдік азаматтардың тұрғылықты жерін, құрылыс объектілері мен базарларды, шетелдіктердің жалдамалы еңбегін пайдаланатын жұмыс берушілерді тексерген.

"Сот шешімімен 973 шетелдік азамат елден шығарылып, қоғамдық орындарда қайыр сұраған 15 құқық бұзушы жауапқа тартылды. Шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланған қазақстандық 161 азамат пен көші-қон саласындағы ҚР заңнамасын бұзған 860 адамға шара қолданылды", - делінген хабарламада.

Түркістан облысының полицейлері құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге, Қазақстанда заңсыз жүрген адамдарды анықтауға, сондай-ақ заңсыз көші-қон арналары мен көші-қон заңнамасын бұзушылардың жолын кесуге бағытталған профилактикалық және басқа да іс-шараларды тұрақты түрде жүргізіп жатыр.

Еске салайық, Түркістан облысында көші-қон саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін 25 шетелдік азамат жауапқа тартылғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2173927-973-adam-elden-shygaryldy-turkistan-oblysynda-koshi-qon-zangnamasyn-buzgan-sheteldikter-anyqtaldy/