jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Түркістан облысында 25 шетелдік азамат жауапқа тартылды

    Түркістан облысында 25 шетелдік азамат жауапқа тартылды
    Түркістан облысында 25 шетелдік азамат жауапқа тартылды. Фото: instagram.com/turkistan_polisia

    Түркістан облысында көші-қон саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін 25 шетелдік азамат жауапқа тартылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ облыстық полиция департаментінің Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    ПД мәліметінше, Түркістан облысының полицейлері жедел-профилактикалық іс-шара өткізу барысында ІІО-да есебінде тұратын шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған 364, әкімшілік қадағалаудағы 91, қорғау нұсқамасы берілген 491, 388 қолайсыз отбасы және пробация бақылауында тұрған 1488 адамды тұрғылықты мекенжайы бойынша тексерген.

    Сондай-ақ қаруды сақтау ережелерін бұзғаны үшін 100-ден астам азаматтық қару иелеріне қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Көші-қон саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін 25 шетелдік жауапқа тартылды.

    "Бұдан басқа учаскелік инспекторлар, жергілікті атқарушы органдар, жұртшылық өкілдері бірлесіп, мәселелерді зерделеу және шешу, алаяқтықтың, мал ұрлығының, бөтен мүлікті ұрлаудың алдын алу бойынша түсіндірме жүргізу үшін халықпен кездесулер өткізді. Жадынамалар таратылды", - делінген хабарламада.

    Тәртіп сақшылары облыс тұрғындары мен қонақтарын қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын қамтамасыз ету үшін өткізілетін жедел-профилактикалық іс-шараларға түсіністікпен қарауға шақырады.

    Түркістан облысында 25 шетелдік азамат жауапқа тартылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.