Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Англияда құлпынай теріп жүрген азаматтарымыз көбейген": Аймағамбетов көші-қон мәселесін көтерді

Жарияланған күні:

жұмысшы
Жұмысшы. Көрнекі фото: pexels.com

Депутат Асхат Аймағамбетов мәжілістегі "Үкімет сағатында" оқыған баяндамасында еңбек миграциясын басқару керегін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Еңбек нарығы дегенде мигранттардың факторы да маңызды. Мигранттардың еңбек нарығындағы үлесі туралы нақты мәліметтер жоқ. Релоканттарды тіпті айтпағанның өзінде. Еңбек миграциясының өсуі бұл – жаһандық трендтердің көрінісі. Біз еңбек миграциясын басқару керекпіз.  

Бұған қоса біз басқа елдерге жұмысқа шығатын азаматтарымыздың құқықтарымен жеткілікті денгейде айналыспаймыз", - деді депутат.

Аймағамбетовтің сөзінше, "әртүрлі мәліметтер бойынша осы одақта шамамен 200 мың қазақстандық жұмыс істейді, бұл іс жүзінде бүтін бір саламен тең. 

"Көптеген отандасымыз Оңтүстік Кореяда еңбек етуде. Ол аздай соңғы кездері Англияда "құлпынай теріп жүрген" азаматтар көбейіп кеткен. Олардың саны қанша және неге бұл факторлар біздің жұмыспен қамту статистикасында және саясатында ескерілмейді, біз білмейміз. Біздің елдің азаматтары жұмыс істейтін барлық мемлекетпен, тіпті ол мемлекетте 1 ғана отандасымыз жұмыс істейтін болса да, олардың құқықтарын қорғау бойынша келісімдер жасау қажет. Бұл бағыт бойынша да нақты саясат пен шаралар әлі жеткіліксіз", - деді Асхат Аймағамбетов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2173984-angliiada-qulpynai-terip-zhurgen-azamattarymyz-kobeigen-aimagambetov-koshi-qon-maselesin-koterdi/