Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ішінде бала болғанын ешкім білмеді": ауласындағы қоқыс жәшігінен нәресте табылған Семей тұрғыны оқиға туралы айтты (фото)

Жарияланған күні:

қоқыс
Оқиға орыны. Фото: KAZ.NUR.KZ

Семейде сәбиін қоқыс жәшігіне тастап, өртеді деп күдікке ілінген әйелді тұрғындар байқап қалған. Бірақ олар жәшіктің ішінде бала болғанын білмеген. Бұл туралы оқиға болған жерде аула тұрғындары айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Семей тұрғындары жантүршігерлік оқиғаға қатысты өздері куә болған жайт туралы айтып берді. Тұрғындар отқа оранған жәшіктің ішінен шақалақ шығады деп ойламадық дейді.

"Мен кеше жедел жәрдем көлігінің келгенін көрдім. Адамдар дүрлігіп кетті, әрі-бері жүгіріп жүрді. Артынан полиция қызметкерлері келді. Су сұрады. Мен оларға үйден бір шелек су әкеліп бердім. Көрші үйде тұратындар белгісіз әйелдің қоқыс жәшігіне бір нәрсе қойып, от жаққанын көргенін айтты. Оның ішінде бала болғанын ешкім білмеді. Өртті сөндіріп жәшікті төңкергенде баланың денесі шыққан. Өзім әйелді көрген жоқпын. Түнімен бала туралы ойлап шықтым, баланың шетінеп кеткені өкінішті", - дейді Семей қаласының тұрғыны Анастасия Григорьева.

қоқыс
Оқиға орнынан фото: KAZ.NUR.KZ

Еске сала кетейік, 13 қазанда Семейде жанып жатқан қоқыс жәшігінен нәресте табылды. Шақалақтың көз жұмғанын Абай облысы бойынша балалар құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Эльзира Жүнісова мәлім етті. Денесінің 80 пайызын күйік шалған нәресте ауруханада шетінеп кетті. Қыз баланың шамамен дүниеге келгеніне екі-үш күн ғана болған. Бүгінде қылмыстық іс-қозғалып, анасы іздестіріліп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2174106-ishinde-bala-bolganyn-eshkim-bilmedi-aulasyndagy-otqa-orangan-qoqys-zhashiginen-nareste-tabylgan-semei-turgyny-oqiga-turaly-aitty/