Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Барлығы шығарылады": Оңтүстік Кореядағы заңсыз жүрген қазақтардың жағдайы не болмақ

Жарияланған күні:

Оңтүстік Корея1
Оңтүстік Корея. Көрнекі фото: Pixabay.com

Бүгінгі Үкімет сағатында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Оңтүстік Корея билігінің еңбек мигранттары бойынша қандай жағдай жасағанын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Светлана Жақыпова Оңтүстік Кореядағы заңсыз қазақстандықтардың саны 15 мыңға жеткенін хабарлады.

"Біз не істейміз? Біз Оңтүстік Кореямен меморандум жасадық. Оның аясында біздің вице-министр сол жерге барып, олардың талаптарын тыңдады. Бірнеше талаптар қойылды. Біріншісі - елшілік кезінде жеке адамды жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша бекіту. Екіншісі – сол жерде заңсыз жүргендердің барлығын шығару", - деді министр.

Оның айтуынша, қазір Қазақстан билігі осы талаптар бойынша жұмыс істеп жатыр.

Еске салсақ, "Милтон" дауылы қауіп төндірген Флорида штатындағы қазақ студенттерінің жағдайы туралы хабарлаған болатынбыз.

Оқу орындары уақытша жабық, оқу процессі тоқтатылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2174167-barlygy-shygarylady-ongtustik-koreiadagy-zangsyz-zhurgen-qazaqtardyng-zhagdaiy-ne-bolmaq/