jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ҚТ
Қаламқас Төре
Бұрынғы қызметкер

"Милтон" дауылы қауіп төндірген Флорида штатындағы қазақ студенттерінің жағдайы айтылды

Дауыл
Дауыл: x.com/TheMatFun

Халықаралық бағдарламалар орталығы "Милтон" дауылының Флорида штатына жақындауына байланысты жағдайды мұқият қадағалап отыр. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Халықаралық бағдарламалар орталығының Telegram-дағы ресми ақпаратына сәйкес, бүгінгі таңда Флорида штатындағы университеттерде – Florida State University, University of Florida, University of South Florida және University of Miami – білім алып жатқан 31 стипендиат өз үйлерінде.

Оқу орындары уақытша жабық, оқу процессі тоқтатылған.

"Барлық стипендиат алдағы дауыл туралы уақытылы хабардар етілді және біздің кураторлар олармен үнемі байланыста. Біз стипендиаттармен және университеттермен тұрақты байланыстамыз, жағдай күрделеніп бара жатса, шұғыл әрекет етеміз. Қазір жағдай тұрақты", - деді "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ баспасөз хатшысы Ләззат Тукушева.

Барлық стипендиатқа қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау және жедел ақпарат алу үшін байланыста болуы қажет.

Еске салайық, бұған дейін Флорида штатының халық тығыз орналасқан Тампа аймағына "Милтон" дауылы қаупі төніп тұрғанын хабарлаған едік.

"Милтон" дауылы қауіп төндірген Флорида штатындағы қазақ студенттерінің жағдайы айтылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.