Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Беті көгеріп, мұрны қисайған": Бауыржан Әленов марқұм Шерзаттың әкесінің желіде тараған видеосына қатысты жауап берді

Жарияланған күні:

Шерзат Болаттың әкесі
Шерзат Болаттың әкесі. Фото: Желіде тараған видео кадры

Бүгін Қонаев қаласында кісі қолынан қаза тапқан Шерзат Болаттың ісіне қатысты баспасөз мәслихаты өтіп жатыр. Оның барысында ІІМ басшысының бірінші орынбасары Бауыржан Әленов журналистердің бірқатар сұрағына жауап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Баспасөз мәслихаты кезінде БАҚ өкілдерінің бірі желіде қызу талқыланып жатқан Шерзат Болаттың әкесінің видеосы туралы сұрақ қойды. Желі қолданушылары бейнежазбада марқұмның әкесінің беті көгеріп, мұрны қисайғанын жазып жатыр.

"Әкесінің мәлімдемесінен кейін халықтың назары сонда. Себебі әкесінің беті көгерген, мұрны қисайған деген секілді ақпарат тарап жатыр. Қандай да бір қорқытулар, оны ұрып-соқты ма деген көрермендердің сұрағы бар. Енді сіздер оны күндіз-түні бақылауға алғансыздар ғой. Ондай жағдай болмады ма?" - деп сұрады журналист.

"Ондай жағдай болған жоқ. Таңертең облыс прокуроры Берік Адамов ол кісінің қорғаушысымен сөйлесіп, бүгін келіп қорқытулар бойынша түсініктеме береміз деген. Сол бойынша бәрін дәлелдеп білеміз. Қылмыстық іс құрамы бойынша қорқытулар жөнінде түсініктеме аламыз", - деп жауап берді Бауыржан Әленов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2174503-beti-kogerip-murny-qisaigan-bauyrzhan-alenov-sherzattyng-akesining-videosyna-qatysty-zhauap-berdi/