Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Марқұм Шерзат Болаттың өртенген үйінің орнынан қолғап пен канистр табылған

Жарияланған күні:

Өрт сөндіруші өртті сөндіріп жатыр
Алматы облысында өртенген үй. Фото: Алматы облысы төтенше жағдайлар демартаменті

Марқұм Шерзат Болаттың өртенген үйінің орнынан қолғап пен канистр табылған. Бұл туралы Алматы облысының прокуроры Берік Адамов баспасөз мәслихаты кезінде мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Шерзат Болаттың отбасы тұрған үйде болған өрттің себебін белсенді түрде зерттеп жатырмыз. Өрт болған жерде маңызды дәлелдер жиналып, 600-ден астам адам сұралды. Оқиғаның қалай болғанын нақты анықтау үшін бірнеше сараптама тағайындалды. Мамандар өрт үйдің сыртынан басталғанын, оқыс жағдай болмағанын және сыртқы от көзі қолданылғанын алғашқы қорытынды ретінде шығарды. Оқиға орнынан табылған канистр мен резеңке қолғаптарға зерттеулер жүргізіліп жатыр. Шығын көлемі анықталып жатыр.

Бұл істі ашық әрі объективті түрде жүргізуді жалғастырамыз. Жаңа деректер болғанда сіздерді хабардар етіп отырамыз. Әділдік орнату және кінәлілерді табу үшін жұмыс істеп жатырмыз. Жәбірленушінің отбасы мен жақындары тәулік бойы күзетке алынған. Шерзаттың отбасының жағдайын түсініп, сабырға шақырамын. Бәрінен асығыс қорытынды жасамауға, сарапшылардың нәтижелерін күтуді және тергеу тобына барлық іс-шараны толық жүргізуге кедергі жасамауды сұраймын", - деді Адамов.

Айта кетейік, Шерзат Болаттың қазасына қатысты қылмыстық істегі басты айғақ – бейнекамераға жазылған видео бүгін БАҚ өкілдеріне көрсетілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2174519-marqum-sherzat-bolattyng-ortengen-uiining-ornynan-qolgap-pen-kanistr-tabylgan/