Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысында печенье мен сусындардан қандай сәйкессіздіктер анықталды

Жарияланған күні:

Печенье
Көрнекі фото: pixabay.com

Печенье – шайға арналған белгілі десерт, оны көпшілік адамдар үйде пісіргенді қалайды. Дегенмен дүкендерде де бұл тәттінің түр-түрі самсап тұр, олардың арасынан үйде жасалған жоғары сапалы печеньелерді де таба аласыз. Бірақ дәмді әрі пайдалы түрін алу үшін печеньелерді қалай таңдау керектігін білу маңызды, деп кеңес береді "Рахат" ірі кондитерлік фабрикасының өндірушілері.

Тақырып бойынша жаңа жарияланым:
Денсаулыққа қамқорлық: кептірілген жемістер және оларды таңдау ережелері
  • Қаптама сапалы, жыртылмаған, яғни, бүтін болуы керек. Мұндай жағдайда печенье артық ылғалсыз, тікелей күн сәулесінсіз немесе жәндіктерсіз дұрыс сақталады.
  • Печенье құрамы – таңдаудың негізі болып табылады. Жақсы тәттілер жасанды қоспалар мен хош иістендіргіштердің ең аз мөлшерін пайдалана отырып, тек табиғи жолмен жасалады.
  • Печеньенің ащы емес, жағымды балғын иісі болуы керек. Егер ол қантты печенье болса, онда олардың түсі аздап қоюлау түсті болуы мүмкін. Қаптамадағы әрбір печеньенің түсі бірдей болуы тиіс.
  • Сынған печеньелер қаптамада 1-2 дана болуы мүмкін, әйтпесе мұндай өнім оның сапасыз немесе ақауы бар екендігінен хабар береді.

Сонымен қатар "Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігінің құқыққорғаушылары азық-түлік өнімдерінің таңбаламасына қатысты толық және сенімді ақпараттың маңыздылығына назар аударады.

Таңбалама тек заңға сәйкес ғана емес, сонымен қатар тұтынушы қауіпсіздігі мен дұрыс таңдауды қамтамасыз етуі керек. Бұл сатып алушының азық-түлік өнімдері туралы маңызды ақпараты жоқ жағдайлардан аулақ болуға, жағымсыз салдардың алдын алуға көмектеседі.

Сонымен, Көкшетау қаласындағы орталық базарлардың бірінен жұмбақ сатып алушы әдісімен сатылып алынған:

№1 сынама: Германияда шығарылған Biscuiti Sandwich печеньелері кешенді сараптама үшін ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының "Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК жеткізілді.

"Biscuiti Sandwich" печеньелері
Фото: Биятан Жанна

№2 сынама: Беларусь Республикасында өндірілген, өте қатты газдалған алкогольсіз "Лемутант" сусыны кешенді сараптамадан өткізу үшін Ақмола облысы бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК жеткізілді.

"Лемутант" сусыны
Фото: Биятан Жанна

Зерттеу хаттамалары бойынша екі сынаманың да микробиологиялық, химиялық, органолептикалық көрсеткіштері "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламент талаптарына сәйкес қалыпты шектерде болды.

Алайда, өнімнің таңбаламасы мен қаптамасы Кеден одағының техникалық регламенттерінің және Қазақстан Республикасының "Тіл туралы" заңнамасы талаптарына сәйкестігін тексеру кезінде ауытқулар болды:

2024 жылдың 25 қыркүйегіндегі №1 сынамаға қатысты № 852/364 зерттеу хаттамасында:

  1. өндірілген күні туралы;
  2. сақтау шарттары туралы;
  3. Тағамдық құндылық көрсеткіштері;
  4. EAC белгісі туралы ақпараттардың жоқтығы көрсетілді.

Тағы бір маңызды бұзушылық – өнімде не мемлекеттік, не орыс тілінде ешқандай ақпарат жоқ.

5 шілдедегі №РО-24-08768/277 зерттеу хаттамасы, №2 сынама бойынша техникалық регламенттің 4.1-бөлігінің 1-тармағында көзделген қазақ тіліндегі мәліметтердің жоқтығы анықталды. Қаптамадағы тамақ өнімінің таңбаламасы орыс тілінде және ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің мемлекеттік тілінде болуы тиіс.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өндіруші немесе импорттаушы өнімді айналымға шығарғанда құрамы, қасиеттері және қауіпсіздігі туралы толық, қажетті, сенімді ақпаратты, сондай-ақ оның сапасы мен құрамын тікелей немесе жанама сипаттайтын, өнімнің қауіпсіздігі және оларды дұрыс таңдау мүмкіндігін қамтамасыз ететін өзге де ақпараттарды беруге міндетті. Бұл талаптар орындалмаған жағдайда тұтынушылар өнімнің сипаттамаларына қатысты жаңылысып, ал бұл өз кезегінде өнімді таңдауға және тұтыну қауіпсіздігіне әсер етері хақ.

Осы секілді анықталған сәйкессіздіктерге байланысты қоғам белсенділері https://eotinish.kz/ru арқылы тиісті органдарға үндеу жолдады.

Тұтынушылар таңбаламадан басқа тағы не нәрсеге назар аударуы керек?

"Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес:

1. Тұтынушы тауардың және дүкеннің фото және бейне түсірілімдерін дәлел ретінде пайдалануға құқылы;

2. Тұтынушы сатып алғанын растайтын және тауар, оның бағасы мен сатушы туралы мәліметтерді қамтитын құжатты алуға құқылы;

Мұндай құжаттың болмауы тұтынушыны өнімдегі ақаулар анықталған жағдайда талап қою, ақшасын қайтару немесе өнімді ауыстырып алу мүмкіндігінен айырады.

Сондықтан біз тұтынушыларды азық-түліктік және азық-түліктік емес тауарларды сатып алғанда фискалды түбіртектерді талап етуге шақырамыз, – деп кеңес береді тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі сарапшы Жанна Биятан.

Осыған ұқсас сұрақтар бойынша байланыс нөмірі 87054222739 немесе Instagram парақшасы: OZPP.KZ – https://www.instagram.com/ozpp.kz/

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2174548-aqmola-oblysynda-pechene-men-susyndardan-qandai-saikessizdikter-anyqtaldy/