jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Доллар 600 теңгеге жете ме: ұлттық экономика министрі жауап берді

валюта бағамы
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров министрлер кабинетінде өткен брифингте жыл соңына дейін доллар бағамы қандай болатынын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Брифинг барысында журналистер кейінгі кездері 490 теңгеге дейін көтерілген доллар бағамына қатысты мәселе көтерді. Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, кейбір экономистер доллар 600 теңгеге дейін "секіруі" мүмкін деп болжайды.

Осы орайда журналистер министрден доллор бағамына байланысты қандай өзгеріс болжанғанын сұрады.

"Біз әлеуметтік-экономикалық даму болжамын жасаған кезде бюджетті қалыптастырудың орташа бағамын, оның кіріс бөлігін көрсеттік. Бұл болжамды өзгертпейміз, егер біз жылдық динамикаға келсек, біз орташа есеппен осы шекте тұрмыз, сондықтан біздің болжамдарымыз жыл соңына дейін қайта қаралмайды", - деді министр Нұрлан Байбазаров.

Оның айтуынша, теңге бағамы өзгермелі және нарықтағы сұраныс пен ұсынысқа тәуелді.

"Жоспарларымызды көріп отырсыздар, жыл соңына дейін Ұлттық қордан түсетін трансферттердің барлығы теңге бағамына оң әсер етеді", - деп сендірді министр.

Еске салайық, бұған дейін Ұлттық банк басшысы Тимур Сүлейменов доллар бағамының кейінгі кездегі көтерілуі Қазақстан үкіметінің әлеуметтік болжамына әсер етуі мүмкін деп жауап берген болатын.

Доллар 600 теңгеге жете ме: ұлттық экономика министрі жауап берді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.