Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте тағы бір мектептің есепшісі бас бостандығынан айырылды

Жарияланған күні:

Сот балғасы
Сот балғасы. Көрнекі фото: piqsels.com

Шымкенттегі орта мектептердің бірінің бас есепшісі мемлекет қаражатын жымқырғаны үшін 2 жылға сотталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ қалалық соттың ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында сотталушы Д.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Д. Шымкент қаласындағы орта мектептердің бірінде бас есепші қызметін атқарып жүріп, өзіне еңбек ақысын есептеу барысында артығымен ақша аударып, жалпы соммасы 2 600 000 теңге ақшаны иемденіп, мемлекетке залал келтірген.

Сотталушы кінәсін толық мойындап, келтірген материалдық залалды толық өтегенін көрсетіп, бас бостандығынан айырмайтын жаза тағайындауды сұрады.

Сот, Д.-ны ҚК-нің 189-бабы 3-бөлігінің 2-тармағымен кінәлі деп танып, оған мемлекеттік қызметте және мемлекеттік ұйымдарда лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Үкім заңды күшіне енбеді.

Еске салайық, жақында Шымкенттегі орта мектептердің бірінің бас есепшісі 5,1 млн теңге жымқырғаны үшін 3 жылға бас бостандығынан айырылған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2174669-shymkentte-tagy-bir-mektepting-esepshisi-bas-bostandygynan-aiyryldy/