jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Асылан Маханов
Асылан Маханов
Бұрынғы қызметкер

Шымкентте мектептің бас есепшісі 5,1 млн теңге жымқырғаны үшін сотталды

Есепші
Құжат толтырып отырған есепші. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Шымкенттегі орта мектептердің бірінің бас есепшісі 5,1 млн теңгені қалтасына басқаны үшін 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Бас прокуратураның Telegram-дағы арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Бас прокуратура мәліметінше, Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен орта мектептің бас есепшісі сеніп тапсырылған бөтен мүлікті жымқырғаны үшін 3 жылға бас бостандығынан айырылды.

"Мекеменің бухгалтері қызметтік жағдайын пайдаланып, ай сайын өзінің есеп-шотына белгіленген мөлшерден артық ақша аударып отырған. Барлығы 5,1 млн теңге сомасында аударым жүргізілген", - делінген хабарламада.

Осы факт бойынша тұлға өз кінәсін толық мойындаған. Сондықтан сот аталған қылмыстық құқық бұзушылық үшін көзделген жазадан гөрі неғұрлым жеңiл жаза тағайындады. Келтірілген шығын мемлекет бюджетіне толық көлемде қайтарылған.

Еске салайық, Шымкентте балабақша есепшісі ірі мөлшерде ақша жымқырғаны үшін сотталған еді. Ол өз еңбек ақысын есептеу барысында артығымен жалпы сомасы 5 052 371 теңге аударған. Сот оны мемлекеттік қызметте және мемлекеттік ұйымдарда лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Шымкентте мектептің бас есепшісі 5,1 млн теңге жымқырғаны үшін сотталды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.