Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңа ЖЭО-да ақау шықты: Сарандағы үйлерді мамандар қайтадан ескі қазандықтарға қосып жатыр

Жарияланған күні:

Читать на русском
Жылу желілері
Жылу желілерін реттеп жатқан адам. Көрнекі фото: gov.kz

Қарағанды облысы Сарандағы жаңа жылу электр орталығында автомат жүйесінде ақау шығып, үйлер қайтадан ескі қазандықтарға қосыла бастады. Мамандар жаңа нысандағы мәселені шешуге тырысып жатыр, деп хабарлайды КТК телеарнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Телеарна мәліметінше, жақында қалаға энергетика министрі барған. Оның айтуынша, биыл қыста жаңа кәсіпорыннан қалаға жылу берілмеуі әбден мүмкін.

Өйткені толық қуатқа шыққан кезде қазандықтар қайта-қайта тоқтап қалып жатыр. Бірнеше күннен бері нысанды салған ресейлік мамандар да бар қондырғыларды тексеріп жатыр.

Мамандар сөзінше, қыркүйекте сынақ жүргізілген. Бірақ кәсіпорын толық тексерілмеген, оған ауа райы мүмкіндік бермеген. Нөлден жоғары температурада автоматты жүйе 100 пайыз жұмыс істемей тұр.

Телеарнаның мәліметінше, нысан әлі толық қабылданбаған.

"Нөлден төмен температурада және қазандықтағы барлық қауіпті жою үшін қатты қайнаудан, жарылудан қорғайтын жүйесі бар. Содан болуы мүмкін. Мұның бәрі реттеледі.

Кеше 50-55 градусты бердік, шарықтау шегіне жеттік. Ал ауыр жүктеме кезінде қорғаныс жүйесі іске қосылып, қазандықты тоқтатты", - дейді "Сарантеплосервис" ЖШС бас директоры Асылбек Төкенов.

Ал қалада үйлерді жергілікті ескі қазандықтарға қосу жалғасып жатыр. Абай мен Қарағандыдан келген бригадалар күні-түні еңбек етіп, қазандықтарды ауыстыру және жөндеу жұмыстарын жүргізуде.

Дереккөз: КТК

Айта кетейік, Қарағанды облысындағы Саран қаласында қала тұрғындары әлеуметтік желіде жылусыз отырғанын айтып, шағымданған. Кейін Саран қаласының әкімі Еркін Баулықов аталған мәселеге қатысты видеоүндеу жолдады.

үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов қаладағы жағдай бойынша тексеріс жүріп жатқанын, тексеру нәтижесі бойынша материалдар құқық қорғау органдарына жіберілетінін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2174771-zhanga-zheo-da-aqau-shyqty-sarandagy-uilerdi-mamandar-qaitadan-eski-qazandyqtarga-qosyp-zhatyr/