Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Илон Масктың анасы Алматыда кішкентай қыз баланың тұсауын кесті

Жарияланған күні:

Тұсау кесер сәті
Тұсау кесер сәті. Видеодан кадр: instagram.com/karashash_juzeyeva

Америкалық кәсіпкер, Tesla негізін қалаушы Илон Макстың анасы алғаш рет Алматы қаласына ұшып келді. Сапар барысында Мэй Маск бүлдіршіннің тұсауын кесті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Мэй Масктың тұсау кескен сәтінің видеосын Алматы қаласының мәслихат депутаты Қарашаш Жүзеева Instagram-дағы парақшасында бөлісті.

"Таңғажайып әйел Мэй Маск болашақтың кодын ашқан Илон Масктың анасы болғанымен ғана танымал емес. Сонымен қатар ол ең үздік рөл моделі ретінде жасқа қатысты қалыптасқан қағидаларды бұзып келеді", - делінген жазбада.

Кеше, 16 қазанда Масктың қатысуымен "Белсенді және сапалы ұзақ өмір сүру клубының" кездесуі өткен. Бүлдіршіннің тұсауын атақты қонақ осы іс-шара кезінде кескен.

Мэй Маск 17 қазанда Алматыда өтетін BeWoman Ортаазиялық әйелдер форумына қатысады. Қонақ алматылықтармен денсаулық, қартаю, гендерлік теңдік тақырыбында әңгіме өрбітеді

Еске салсақ, бұған дейін Алматыға Илон Масктың анасы келетінін жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2175288-ilon-masktyng-anasy-almatyda-kishkentai-qyz-balanyng-tusauyn-kesti-video/