Ресей Қазақстаннан жеткізілетін кей өнімдерге уақытша тыйым салды
Жарияланған күні:
Читать на русском"Россельхознадзор" Қазақстаннан Ресейге әкелінетін бидай мен басқа да бірқатар ауылшаруашылық өнімін әкелуге уақытша тыйым салды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ведомствоға сілтеме жасап хабарлайды.
17 қазаннан бастап "Россельхознадзор" шешімімен Қазақстаннан өнімдерді әкелуге уақытша тыйым салынды, атап айтқанда: бидай (жұмсақ және қатты), жасымық, майлы зығыр тұқымдары.
- Қазақстан тарабы фитосанитариялық сертификаттарды тікелей түпкілікті межелі елге ресімдеген және астықты теміржол вагондарынан тікелей кеме трюмдеріне ауыстырып тиеу, яғни астық транзитін қоспағанда;
- қызанақ;
- бұрыш;
- күнбағыс тұқымдары (үшінші елден шыққан);
- жаңа піскеен қауын (Қазақстаннан шыққан).
Қаулыға ведомство басшысының орынбасары 14 қазанда қол қойып, бүгін, 17 қазанда қолданысқа енгізілді.
Еске салайық, қазан айының басында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы "Россельхознадзордың" қазақстандық астық, қызанақ, бұрыш және күнбағыс тұқымын экспорттауды тоқтату туралы өтініші туралы айтқан болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2175548-resei-qazaqstannan-zhetkiziletin-kei-onimderge-uaqytsha-tyiym-saldy/