jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Ресей Қазақстаннан жеткізілетін кей өнімдерге уақытша тыйым салды

астық жинау науқаны
Астық жинау науқаны. Көрнекі фото: pixabay.com

"Россельхознадзор" Қазақстаннан Ресейге әкелінетін бидай мен басқа да бірқатар ауылшаруашылық өнімін әкелуге уақытша тыйым салды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ведомствоға сілтеме жасап хабарлайды.

17 қазаннан бастап "Россельхознадзор" шешімімен Қазақстаннан өнімдерді әкелуге уақытша тыйым салынды, атап айтқанда: бидай (жұмсақ және қатты), жасымық, майлы зығыр тұқымдары.

  • Қазақстан тарабы фитосанитариялық сертификаттарды тікелей түпкілікті межелі елге ресімдеген және астықты теміржол вагондарынан тікелей кеме трюмдеріне ауыстырып тиеу, яғни астық транзитін қоспағанда;
  • қызанақ;
  • бұрыш;
  • күнбағыс тұқымдары (үшінші елден шыққан);
  • жаңа піскеен қауын (Қазақстаннан шыққан).

Қаулыға ведомство басшысының орынбасары 14 қазанда қол қойып, бүгін, 17 қазанда қолданысқа енгізілді.

Еске салайық, қазан айының басында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы "Россельхознадзордың" қазақстандық астық, қызанақ, бұрыш және күнбағыс тұқымын экспорттауды тоқтату туралы өтініші туралы айтқан болатын.

Ресей Қазақстаннан жеткізілетін кей өнімдерге уақытша тыйым салды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.