jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Асылан Маханов
Асылан Маханов
Бұрынғы қызметкер

Шымкентте полицейлер жоғалып кеткен 7 жасар баланы жарты сағатта тапты

балақай
Балақай. Көрнекі фото: pixabay.com

Шымкентте полиция полкі қызметкерлері жоғалып кеткен 7 жасар баланы жарты сағатта тауып, анасына тапсырды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Патрульдік полиция полкінің Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Тұран ауданы Гагарин көшесінен дүкенге барар жолда 7 жасар бала көзден таса болған. Анасы баланы 3 сағаттай іздеп, нәтиже шықпаған соң полиция қызметкерлерінің көмегіне жүгінген.

Жоғалған баланы жедел-іздестіру шараларына взвод командирі полиция аға лейтенанты З.Зейнұлла және полиция аға лейтенанттары Е.Оспанов пен Н.Балаш кіріскен. Жүргізілген іздеу жұмыстарының нәтижесінде жасөспірім бала әл-Фараби ауданы Саттарханов көшесінде адасып жүрген жерінен жарты сағатта табылып, анасына тапсырылды. Баланың анасы тәртіп сақшыларына алғыс айтты.

Еске салайық, Қарағанды облысында жоғалған 5 жасар баланы 400-ден астам адам іздеген еді. Төрт сағатқа созылған іздеу жұмыстарынан соң бала аман-есен табылды.

Шымкентте полицейлер жоғалып кеткен 7 жасар баланы жарты сағатта тапты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.