Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сарапшы Жанна Биятан кондитерлік өнімдердегі сәйкессіздіктер туралы айтты

Жарияланған күні:

Кәмпиттер
Көрнекі фото: pixabay.com

Тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі сарапшы Жанна Биятан сыртқы түрі түрлі-түсті ойыншық сияқты өте тартымды болғанымен, іші тастай қатты тәтті шоколадтарға жүргізілген сараптама қорытындысын ұсынып, өнімде қандай сәйкессіздіктер бар екенін айтып берді.

Тақырып бойынша жаңа жарияланым:
Тиімді сатып алу: сарапшылар қаймақты қалай таңдау керегін айтты

2024 жылы "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу" мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында мемлекеттік сатып алу қызметтерін көрсетуші "Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігі бірнеше ай бойы тұтынушылардың тауарлар, олардың сапасы, сондай-ақ сатушыларға (дайындаушыларға) қатысты ақпарат алу құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында аккредиттелген ұйымдардың зерттеу нәтижелерін БАҚ арқылы объективті де шынайы түрде таратумен айналысып келеді.

"Бұл мақсаттарға жету үшін аккредиттелген зертханалармен келісімшарт жасасып, кешенді сараптамалар жүргізілді", - дейді сарапшы.

Осылайша Германияда өндірілген "Chocolates luxury assorted" пен Қытайда өндірілген "ЮН.Н." шоколадты өнімдері Қазақстан Республикасы заңнамасының қауіпсіздік, атап айтқанда, Кеден одағының "Тағамдық өнімдердің қауіпсіздігі туралы" ТР (021/2011) және "Тағам өнімдерінің таңбаламасына қатысты" ТР (022/2011) техникалық регламенттерінің талаптарына кешенді зерттеу жүргізу үшін тапсырылған Ақмола облысы бойынша Ұлттық сараптама орталығының зерттеу нәтижелері белгілі болды.

"Тәттілердегі микробиологиялық, физико-химиялық және ауыр металл тұздарын тереңдетіп зерттеудің көрсеткіштері қалыпты шектерде болды, бірақ, үндемей қалуға болмайтын жайт бар", - дегенді алға тартты сарапшы.

Германияда өндірілген "Chocolates luxury assorted" өнімдерінің таңбаламасына қатысты сәйкессіздіктер:

  • Өндірілген күні жоқ;
  • ЕАС айналым белгісі жоқ;
  • Мемлекеттік және орыс тілдерінде ақпарат көрсетілмеген.

Өнімнің қаптамасындағы EAC белгісі нені білдіретінін сарапшы айтып берді

EAC
Сурет: depositphotos.com

Еуразиялық сәйкестік (ағылш. Eurasian Conformity, ЕАС) – Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерінің, оның ішінде Ресей, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Армения нарығындағы өнімдер айналымының бірыңғай белгісі. Бұл белгі өнімнің барлық қажетті сынақтан өткенін, сертификатталғанын және ЕАЭО қатаң талаптарына сәйкес келетінін көрсетеді.

"EAC белгісі халықаралық сауданы жеңілдетіп қана қоймай, сонымен қатар экологиялық тазалық, қауіпсіздік және өнімдердің жоғары сапасының кепілі болып саналады. Ол тұтынушыларды контрафактілік тауарларды сатып алу қаупінен қорғап, сапа көрсеткіші ретінде қызмет етеді. EAC белгісінің болуы өнімнің ілеспе құжаттамасында көрсетілуі керек, әйтпесе тұтынушы құқығын бұзғаны үшін айыппұл салынады", - деп түсіндіреді құқыққорғаушы Жанна Биятан.

Сарапшының айтуынша, өнім бұл мәртебені Кеден одағының, қазіргі Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентінде көрсетілген белгілі бір шарттарды орындап, қауіпсіздік пен сапалы өнім шығарудың жалпы мәселелеріне жауап бергенде ғана алады.

"Өнімнің жоғары деңгейін растау тесттер мен талдаулар жүргізілетін, ал мамандар тұтынушылық қасиеттерін анықтап, бұл белгіні қоюға болатын-болмайтыны туралы қорытынды жасайтын аккредиттелген зертханалардағы сынақтар арқылы жүзеге асырылады", - деп атап өтті Жанна Биятан.

Кәмпиттер
Фото: Биятан Жанна

Қытайда өндірілген "ЮН.Н." өнімінің таңбаламасы мен қаптамасының қауіпсіздігіне қатысты сәйкессіздіктер:

  • Тағамдық құндылығы жоқ;
  • Мемлекеттік тілде ақпарат жоқ;
  • КО "Қаптаманың қауіпсіздігі туралы" ТР 4-қосымшасына сәйкес, қаптаманың (жабулардың) таңбалауына қолданылатын пиктограммалар мен белгілер жоқ.
Тамақ белгішесі
Сурет: depositphotos.com

1-сурет. Қаптама (жабулар),

Тамақ өнімдерімен жанасуға арналған

Қайта өңдеу белгішелері
Сурет: depositphotos.com

2-сурет. Қолданылған қаптаманы қайта өңдеу мүмкіндігі

(жабулар) – Мебиус ілмегі.

Қоғам белсенділері ҚР "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заңының 25-бабы 7-тармағына сүйене отырып, бір тілде немесе шет тілінде берілген ақпарат – ақпарат берілмеген деп есептелетінін ескертеді.

Осыған ұқсас сұрақтар бойынша байланыс нөмірі 87054222739 немесе Instagram парақшасы: OZPP.KZ – https://www.instagram.com/ozpp.kz/

Бұл материалды әлеуметтік жобаның орындаушысы – "Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігі дайындаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2175803-sarapshy-zhanna-biiatan-konditerlik-onimderdegi-saikessizdikter-turaly-aitty/