Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан-Өзбекстан шекарасындағы кептеліс: Мемлекеттік кірістер комитеті өкілдері жағдайды түсіндірді

Жарияланған күні:

Читать на русском
Шекара бекетінде тұрған көліктер
Шекара аймағы. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Мемлекеттік кірістер комитеті өкілдері Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында неліктен көлік кептелісі болып жатқанын түсіндірді. Көлік кептелісінің туындауына электр жүйесінің ақаулары себеп болған, деп хабарлайды Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Комитеттің Telegram-дағы арнасының мәліметінше электр жүйесінің ақаулары өткізу пунктінің жұмысына әсер етті.

Мемлекеттік кірістер комитеті 2024 жылғы 15 қазанда Түркістан облысындағы электр қосалқы станцияларында төтенше жағдай болғаны туралы хабарлайды. Осы ақаудың салдарынан Мақтаарал және Келес аудандарында электр қуатын беру тоқтатылды, бұл "Атамекен" және "Б. Қонысбаев" кеден бекеттерінің жұмысына кедергі келтірді.

"Электр энергиясы сөнгеннен сәттен кеден бекеттеріндегі байланыс нашар болып, бұл кедендік ресімдеуге және біріктірілген бақылау жүйесінің, оның ішінде электронды кезектің жұмысына кедергі келтірді. Бұл көліктердің екі бағытта да қозғалысының тоқтап қалуына және бақылау-өткізу бекеттерінің алдында көліктердің жинақталуына себеп болды", - делінген хабарламада.

Мемлекеттік кірістер комитеті жағдайды жедел шешу үшін біршама шара қабылдады. Басқа ауысымдардағы қызметкерлерді тарту арқылы бақылау-өткізу пункттері күшейтілген жұмыс режиміне көшті. "Б. Қонысбаев" Кеден бекетінің екі бағыттағы өткізу қабілеттілігі 1000 бірлік екендігін ескере отырып, мәселе тез арада шешіледі деп мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2176151-qazaqstan-ozbekstan-shekarasyndagy-keptelis-memlekettik-kirister-komiteti-okilderi-zhagdaidy-tusindirdi/