jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

"Колледжге кеткен": Ақтауда 15 жастағы қыз бес күннен бері іздестіріліп жатыр

Полицей көлігі
Полицей көлігі. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Ақтауда 15 жастағы қыз 15 қазанда таңертең колледжге кетіп, қайтып оралмаған. Іздестіру жұмыстарын полицейлер мен "LIDER.KZ" еріктілер тобы жүргізіп жатыр, деп хабарлайды аймақтық Lada.kz басылымы.

Аймақтық басылым мәліметінше, 15 жастағы Нұрсая Құралбаева Мұнайлы ауданында тұрады.

Сейсенбі, 15 қазанда сағат 08:00 шамасында ол Ақтау қаласындағы политехникалық колледжге үйінен шығып кеткен. Қазіргі уақытта оның қайда екені белгісіз.

Еріктілер полицейлермен бірге жоғалған қызды іздестіру жұмыстарын жүргізуде.

Бойжеткеннің дене бітімі орташа, шашы ұзын, бойы 165-170 сантиметр. Үстінде қара жеңіл күртеше, қара шалбар, ақ жолақтары бар қара кроссовка болған.

Полицейлер Нұрсая Құралбаева туралы мәлімет білетіндер болса, 102 нөміріне хабарласуды сұрайды.

Жоғалған адамды іздеу
Жоғалған адамды іздеу. Фото: Lada.kz

"Колледжге кеткен": Ақтауда 15 жастағы қыз бес күннен бері іздестіріліп жатыр

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.