Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы әуежайындағы төлқұжаттық бақылау жүйесінде ақау болды

Жарияланған күні:

Читать на русском
Төлқұжаттық бақылау
Төлқұжаттық бақылау. Көрнекі фото: t.me/aqorda_resmi

Әлеуметтік желіде жолаушылар шекаралық бақылау жүйесіндегі ақауларға байланысты әуежайдағы ұзын-сонар кезекке шағымданды. Әуежайдың баспасөз қызметі жағдайдың себебін түсіндірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Әлеуметтік желіде алматылықтар қаланың жаңа әуежай терминалындағы ұзын-сонар кезектің видеосын таратып жатыр. Жүйенің істен шыққаны хабарланды. Алайда мәселе жарты сағаттан кейін шешілді.

Алматы әуежайының баспасөз қызметінің KAZ.NUR.KZ тілшісіне берген мәліметі бойынша төлқұжаттық бақылау жүйесінде техникалық ақау болған.

"Мәселе шешілді. Тексеру және сканерлеу кезінде проблемалар болған жоқ. Ақау шыққан кезде, рейс кешігуі болмады. Әуежай штаттық режимде жұмыс істеп тұр", - деп хабарлады әуежайдың баспасөз қызметі.

Қазан айының басында Алматы әкімі Ерболат Досаев халықаралық әуежайдың қызметі жөнінде кеңес өткізіп, бірқатар кемшіліктерге тоқталған болатын.

Естеріңізге сала кетейік, 1 маусымда Алматы әуежайында жаңа терминалдың ашылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2176661-almaty-auezhaiyndagy-tolquzhattyq-baqylau-zhuiesinde-aqau-boldy/