Түркістан облысындағы корей өнімдері: тауарды таңдаған кезде не нәрсеге мән беру керек
Жарияланған күні:
Кореядан келетін тауарлар жастар арасындағы трендке айналды. Бірақ олар қалай әкелініп жатыр, қоғам белсенділері бұл жайында не біледі? Бұл туралы тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі сарапшы Жанна Биятан айтып берді, деп хабарлайды "МОТҚҚҚ" ҚБ.
2024 жылдың маусым айы басынан бері Түркістан облысында "Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігінің ("МОТҚҚҚ" ҚБ) белсенділері өнімдерді сатып алу бойынша үш рет тексеру жасады. "Түркістанда маңғыстаулықтар не істеп жүр?" деген сұрақ тууы мүмкін.
"МОТҚҚҚ" ҚБ 2024 жылы Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі жариялаған "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша халыққа ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу" мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша мемлекеттік сатып алу қызметтерін көрсетуші болып табылады.
Жобаның мақсаты – тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша халыққа ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының нәтижелері бойынша тұтынушылардың тауарлар, олардың сапасы, сондай-ақ оларды сатушылар (өндірушілер) туралы ақпарат алу құқықтарын жүзеге асыру.
Сонымен қатар аккредиттелген мекемелер зерттеген, Қазақстанның әр өңірінен 15-тен кем емес өнім (тауар) зерттеулерінің (сынақтардың) нәтижелеріне қатысты объективті әрі сенімді ақпараттарды бұқаралық ақпарат құралдары арқылы таратып, Қазақстандағы тұтынушыларға сатылатын өнімдердің (тауарлардың) қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ету.
Мақсатқа жету және жоба тапсырмасын орындау барысында жеткізуші қызметін көрсетуші Қазақстанның 20 аумағында аумақтық сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменттерімен бірлесе отырып, оның ішінде Түркістан облысы бойынша да ауқымды жұмыстар атқарды.
Түркістан қаласында сатып алу кезінде мамандар Кореядан әкелінген ерекше тауарларға назар аударды.
Бұл "Spicy Gluten" соусындағы макарон өнімдері мен "Cheese Hot Flava Ramen Korea" тез дайындалатын кеспелер кешенді зерттеу үшін "Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы" АҚ ОҚФ сынақ зертханасына өткізілді.
2024 жылдың 14 қазанындағы № 1/1270 сынақ актісіне сәйкес пестицидтердің қалдық мөлшерін, микробиологиялық көрсеткіштерді, ашытқы мен зеңді қоса алғанда, КО ТР 021/2011 бойынша қауіпсіздік көрсеткіштері қалыпты болды.
Дегенмен, зертхана КО ТР 022/2011 бойынша сәйкессіздіктерді анықтады.
Қазақ тіліндегі ақпараттар төмендегі жағдайларда көрсетілмеген:
- азық-түлік өнімдерінің атауы мен құрамында: мәселен, өнімнің құрамы туралы ақпаратсыз қазақ тілінен басқа тілді білмейтін адамдар бұл өнімді қолдануға болатын-болмайтынын анықтай алмайды;
- сақтау шарттары, сондай-ақ тағамдық құндылық көрсеткіштері туралы, бұл тұтынушылардың қауіпсіздігіне қауіп төндіреді, себебі өнімді дұрыс сақтамау оның уақытынан бұрын бұзылуына әкелуі мүмкін;
- тамақ өнімдерін өндірушінің атауы мен орналасқан жері туралы;
- өнімді пайдалану бойынша ұсынымдар мен шектеулер және ГМО көмегімен алынған компоненттердің бар-жоғы туралы, бұл тұтынушылардың, әсіресе, тағамның сапасын бақылайтын және құрамында генетикалық түрлендірілген организмдер бар өнімдерді тұтынбайтындар арасында алаңдаушылық тудырады.
КО ТР 022/2011 бабының 4.1-бөлігінің 1-тармағында көрсетілгеніндей тамақ өнімдерінің қаптамасындағы таңбалама ақпараттары орыс тілінде және ЕАЭО мемлекетінің мемлекеттік тілінде(дерінде) қолданылуы тиіс.
Қазақстанда шетелде өндірілген тауарлардың таңбаламасына қазақ және орыс тілдерін қолдану тек Заң талабы ғана емес, сонымен қатар еліміздің барлық азаматтары үшін қолжетімділік пен хабардарлықты қамтамасыз етудің маңызды элементі болып табылады. Екі тілдегі таңбалама қазақ және орыс тілінде сөйлейтіндерге өнімнің құрамы мен сипаттамаларын оңай түсінуге көмектеседі. Бұл ұлттық стандарттарға сәйкестік тұрғысынан ғана емес, сонымен қатар тұтынушылардың денсаулығы мен қауіпсіздігі тұрғысынан да маңызды.
Бұл материалды тұтынушыларды тауардың сапасы мен қауіпсіздігі туралы ақпараттандыру жобасы аясында дайындаған "Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігі тұтынушылар құқығын қорғау – ортақ міндетіміз екенін еске салады. Тұтынушылар тауарлардың таңбаламасын мұқият тексеріп, қандай да бір бұзушылықтар анықталса, бақылаушы органдарға хабарласуы керек. Өнімдердің таңбаламасын тексеріңіз және олардың қауіпсіздігіне сенімді болыңыз!
Осыған ұқсас сұрақтар бойынша байланыс нөмірі 87054222739 немесе Instagram парақшасы: OZPP.KZ – https://www.instagram.com/ozpp.kz/
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2176667-turkistan-oblysyndagy-korei-onimderi-tauardy-tangdagan-kezde-ne-narsege-man-beru-kerek/