jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Аида Тақабаева
Аида Тақабаева
Бұрынғы қызметкер

Қорғаныс министрлігі грант иеленген сарбаздардың тізімін жариялады

Әскери оқу-жаттығу
Әскери оқу-жаттығу кезі. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қорғаныс министрлігі ұсынған грантқа 18 мыңдай адам үміткер болған. Министрлік грант иеленген 1500 адамның тізімін жариялады. Бұл туралы ведомствоға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Министрлік өкілдері 1500 орынға 2023 жылғы күзде әскерге шақырылған мерзімді қызметтің 17 927 сарбазы үміткер болғанын мәлімдеді. Конкурсқа:

  • Қорғаныс министрлігінен 8 169;
  • Ұлттық ұланнан 6 441;
  • Төтенше жағдайлар министрлігінен 315;
  • Шекара қызметінен 2 715;
  • Мемлекеттік күзет қызметінен 287 сарбаз қатысқан.

"Күштік құрылымдар әскери бөлімдері сарбаздарының қызметтің барлық кезеңіндегі үлгерімі мен тәртібі бойынша нәтижелері енгізілген "Срочники 2.0" ақпараттық жүйесі іріктеудің ашықтығын қамтамасыз етті", - делінген ведомство хабарламасында.

Білім беру жеңілдіктеріне ие болған әскери қызметшілердің толық тізімімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

Қорғаныс министрлігі грант иеленген сарбаздардың тізімін жариялады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.