jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ҚТ
Қаламқас Төре
Бұрынғы қызметкер

Дәулет Тұрлыхановтың ұлы бас бостандығынан айырылды

Нұрасыл Болат. Фото
Нұрасыл Болат. Фото: instagram.com/pro.pravo.kz

Депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болат бас бостандығынан айырылды. Мұндай шешімді Алматы қаласы Медеу аудандық №2 сотының судьясы Қанат Әрінов шығарды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Процесс онлайн режимінде өтті.

Судья Әрінов қаулыда сотталушының бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеу тәртібі мен шарттарын қасақана бұзғанын, атап айтқанда, сот тағайындаған пробациялық бақылау міндеттерін орындамағанын көрсетті.

Бұған дейін Жоғарғы сот Н. Болатқа екі немесе одан да көп адамның денсаулығына қасақана ауырлығы орташа зиян келтіргені үшін (ҚР ҚК-нің107-бабы 2-бөлігі 1-тармақшасы бойынша) 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындаған болатын.

Жоғарғы соттың Telegram-арнасында хабарлауынша, Болат пробация қызметінің есебіне алынып, жазаны өтеудің тәртібі мен шарттарымен және оны бұзғаны үшін жауапкершілікпен танысқан.

Сотталғанның орналасқан жерін бақылауды қамтамасыз ету үшін электронды бақылау құралы қолданылды. 

Осыған қарамастан, Болат пробациялық бақылаудың 3 рет заң бұзушылықтарына жол берген, ол сотпен зерттелген дәлелдемелермен расталған.

Осылайша, сотталушы жазасын өтеу тәртібімен шарттарын қасақана бұзған.

Қылмыстық кодекстің 44-бабының 3-бөлігіне сәйкес, бас бостандығын шектеуді өтеуден қасақана жалтарған жағдайда оның өтелмеген мерзімі бас бостандығын шектеудің бір күніне бас бостандығынан айырудың бір тәулік мөлшерінде бас бостандығынан айырумен ауыстырылады.

Сот пробация қызметінің өтінішхатын негіздідеп танып, оны қанағаттандырды.

Нұрасыл Болатқа бас бостандығын шектеу түріндегі жазасы өтелмеген мерзімге 1 жыл 5 ай 10 күнге бас бостандығынан айырумен ауыстырылды.

Дәулет Тұрлыхановтың ұлы бас бостандығынан айырылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.