jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Қарағанды облысында сирек кездесетін жануарлар фототұзаққа түсіп қалған

Арқарлар
Арқарлар. Фото: Қазақстандағы биоалуанәртүрлілікті сақтау қауымдастығы

Қарағанды облысында "Қызыл кітапқа" енген арқарларының санын көбейту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл сирек кездесетін жануарлар 19 камераның 17-сінде түсіп қалған, деп хабарлайды Қазақстанның биоалуанәртүрлілікті сақтау қауымдастығына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Қазақстандағы биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығының Facebook желісіндегі ресми парақшасында хабарланғандай, Қарағанды облысының оңтүстігінде орнатылған 19 фототұзақтың 17-сінде "Қызыл кітапқа" енген арқарлар түсіп қалған.

Қазақстан жерінде 2000-жылдардан кейін арқар саны күрт азайған. Камераға түскен деректер бойынша бұл жануарлардың саны мен таралуы қалпына келгенін растайды.

Қауымдастық мәліметінше, Қарағанды облысында Паллас мысығы мен басқа да сирек кездесетін жануарлардың таралуын бақылауды жалғастыру үшін келесі жылы 27 фототұзақ орнатылады.

Айта кетейік, бұған дейін Қарағанды облысында сирек кездесетін жабайы сабаншы фототұзаққа түсіп қалғанын жазған едік.

Қазан айының басында Көлсай көлдері аумағында жүрген қар барысы камераға түсіп қалған болатын.

Қарағанды облысында сирек кездесетін жануарлар фототұзаққа түсіп қалған

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.