Астананың бірнеше ауданында уақытша жарық өшіріледі
Опубликовано:
Читать на русском
Төтенше жағдайды қалпына келтіру жұмыстарына байланысты 22-24 қазан аралығында Астананың бірнеше ауданында электр жарығы өшіріледі. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Астана-РЭК" АҚ-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Коммуналдық мекеме Астанада жылу беру маусымында апатты қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады.
Бұл жұмыстар электр желілеріндегі технологиялық бұзылудың алдын алу үшін электр қуатын дереу өшіруді талап етеді.
22-24 қазан аралығында электр жарығы өшіріледі.
Мына аймақтарда электр қуатын беру тоқтатылады:
- "Алматы" ауданы
- "Байқоңыр" ауданы
- "Сарыарка" ауданы
- "Есіл" және "Нұра"ауданы
Бір күн бұрын Астананың орталық бөлігі жарықсыз қалып, үйлер қосалқы электр қуатына көшкені хабарланған болатын.
Бұған дейін Астанада 17 қыркүйекте электр қуатының апатты жағдайы болған еді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2177463-astananyng-birneshe-audanynda-uaqytsha-zharyq-oshiriledi/