Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтауда бұған дейін сотта ақталып шыққан полиция полковнигінің ұлы 10 жылға сотталды

Жарияланған күні:

Читать на русском
Сот балғасы
Сот балғасы. Көрнекі фото: seb_ra / Getty Images

Сот Батыс Қазақстан облысы полициясы бастығы орынбасарының ұлына қатысты істі қайта қарау кезінде ол есірткі сатқаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Lada.kz басылымы хабарлайды.

Басылым мәліметінше, Батыс Қазақстан облысы полициясы бастығы орынбасарының ұлы есірткі сатқаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұған дейін оны алқабилер ақтап шыққан еді.

Іс 2024 жылғы 21 қазанда Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алқабилердің қатысуымен қайтадан қаралды.

Қылмыстық құқық бұзушылық Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігінің 1, 3, 5-тармақтары "Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу" бойынша сараланды.

Мемлекеттік айыптаушы айыпталушыны 11 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Айыпталушы және қорғаушылары қайтадан ақтауды сұрады.

"Айыпталушының қылмыстық жауаптылығын жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайлар болған жоқ, алқабилер сотының үкімімен сотталушы 10 жылға бас бостандығынан айырылды", - делінген сот хабарламасында.

Еске сала кетейік, мамыр айының ортасында Ақтауда есірткі сатты деп айыпталған полиция полковнигінің ұлы ақталды. Іс алқабилердің қатысуымен қаралған еді.

Прокуратура сотталушының кінәсін растайтын толық дәлелдеме базасы, екі куәгердің айғақтары және басқа да тергеу хаттамалары жиналғанын хабарлады. Алайда, жасырын дауыс беру қорытындысы бойынша алқабилер полиция қызметкерінің ұлын кінәлі емес деп тапты.

Кейінірек маусым айында есірткі сатты деп айыпталған Батыс Қазақстан полиция департаменті бастығы орынбасарының ұлына қатысты ақтау үкімінің күші жойылғаны хабарланған болатын. Қылмыстық іс жаңадан сот талқылауына жіберіліп, айыпталушы сот залында қамауға алынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2178146-manggystauda-bugan-deiin-sotta-aqtalyp-shyqqan-politsiia-polkovnigining-uly-10-zhylga-sottaldy/