Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтауда полиция полковнигінің ұлы ақтау үкімінің күші жойылған соң қамауға алынды

Опубликовано:

Кісен салу
Кісен салу. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Ақтауда есірткі тасымалдады деп айыпталған БҚО полиция департаменті бастығы орынбасарының ұлына шыққан ақтау үкімінің күші жойылды. Қылмыстық іс жаңа сот талқылауына жіберілді, деп хабарлайды Lada.kz.

Бүгін, 4 маусымда Маңғыстау облыстық сотында есірткі сатты деп айыпталған Батыс Қазақстан облыстық полиция департаменті бастығы орынбасарының ұлына қатысты облыстық прокуратураның арызы қаралды.

Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы прокуратураның өтінішін қарап, оны толығымен қанағаттандырып, алқабилердің ақтау үкімінің күшін жойды.

"Қылмыстық іс жаңа сот талқылауына жіберілді, сотталушы сот залында қамауға алынды", - деп түсіндірді қадағалаушы орган өкілдері.

Еске салсақ, мамырдың ортасында Ақтауда есірткі сатты деп айыпталған полиция полковнигінің ұлы ақталған болатын. Іс алқабилердің қатысуымен қаралды.

Прокуратура сотталушының кінәсін растайтын толық дәлелдеме базасы, екі куәгердің айғақтары және басқа да тергеу хаттамалары жиналғанын хабарлады. Алайда жасырын дауыс беру қорытындысы бойынша алқабилер полицейдің ұлын ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігінің 1, 3, 5-тармақтарында көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі емес деп тапқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2111985-aqtauda-politsiia-polkovnigining-uly-aqtau-ukimining-kushi-zhoiylgan-song-qamauga-alyndy/