Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтауда жасөспірім лифтіде 5 және 13 жастағы қыздарға шабуыл жасады деген күдікке ілінді

Жарияланған күні:

Лифт
Ғимарат ішіндегі лифт. Көрнекі фото: pixabay.com

Ақтауда 17 жастағы жасөспірім лифтіде бес және он үш жастағы қыздарға шабуыл жасады деген күдікке ілінді. Облыстық полиция оқиғаға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Шабуыл туралы ақпарат Instagram-дағы "НеМолчи.kz" парақшасында жарияланды.

Зардап шеккен балалардың анасы оқиғаның 11 қазанда болғанын айтты. Оның айтуынша, жігіт қыздарды кіреберісте күтіп тұрған, содан кейін олармен бірге лифтке кірген.

Қыздардың анасының айтуынша, жігіт өзінің жыныс мүшесін ашып, үлкен қызын ұстай бастаған. Артынша қыздар көшеге жүгіріп шығып, анасы оларды учаскелік полиция қызметкеріне апарған.

Басылым анасының полицияға арыз жазғанын, бірақ әзірге іс бойынша ілгерілеушілік жоқ екенін, оның үстіне жігіттің ата-анасы олардың үйіне келіп, арызды алуды сұрағанын айтады.

Жергілікті "Лада" басылымының хабарлауынша, облыстық полиция оқиғаға қатысты түсініктеме берді. Ведомство оқиғаны растап, күдіктінің кәмелетке толмағанын айтты.

"Кәмелетке толмаған күдікті ұсталып, полицияға жеткізілді. Сексуалдық сипаттағы іс-әрекеттер факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтау бойынша тергеу шаралары жүргізілуде. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді", - деп хабарлады ведомство өкілі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2178246-aqtauda-zhasospirim-liftide-5-zhane-13-zhastagy-qyzdarga-shabuyl-zhasady-degen-kudikke-ilindi/