jitsu gif
Оқыс оқиға

    Алматыда 195 рет жол ережесін бұзған 19 жастағы жігітке 7 млн теңгеге жуық айыппұл салынды

    Көлік
    Көлік. Фото: polisia.kz

    Алматыда полицейлер 7 миллион теңгеге жуық айыппұл арқалаған 19 жастағы жүргізушіні ұстады. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің Polisia.kz ресми порталына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    ІІМ ақпаратынша, жас жігітті полицейлер қаланың Медеу ауданындағы Достық даңғылы бойында ұстады.

    "Бұл жолы да "Қорғау – қауіпті жүргізуші" автоматтандырылған жүйесі тиімді пайдаланылды. Аз уақыт ішінде көлік жүргізушісі 195 рет жол ережесін бұзған. Айыппұлдың жалпы сомасы шамамен 7 миллион теңгені құрады. Оның үстіне кей жағдайда, өкінішке қарай, жүргізуші жалған нөмірді пайдаланып, көліктің жылдамдығын 200 шақырымға дейін асырған.

    Көліктің өзі көрші Қырғызстанда тіркелген. Сот қаулысымен көлік жүргізушісі әкімшілік қамаққа алынды, оның көлігі мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды. Жүргізуші барлық айыппұлдарын толығымен төлеуге міндетті болады", - деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Нұрлан Аманбек.

    Алматы полициясы жазаның бұлтартпастығы қағидасын тағы да еске салып, жол қозғалысына қатысушыларды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырды.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.