Алматыда жер сілкінісі болғанда халық қайда жиналады: ТЖМ өкілі жауап берді
Жарияланған күні:
Читать на русскомМәжіліс кулуарында төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұрсынбаев тағы да жер сілкінісі болған жағдайда алматылықтар не істеу керек екенін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Кеген Тұрсынбаев "Алатау" оңтүстік базасы 2024 жылдың қаңтарындағы жер сілкінісінен кейін Қорғаныс министрлігінен Төтенше жағдайлар министрлігіне берілгенін еске салды.
"Бұл база бұрын "Первомайский" тікұшақ айлағы деп аталды, 137 гектар жерді алып жатыр. Учаскенің ерекшелігі сол, бұрынғы кеңестік тікұшақ базасында әуе және тікұшақтар үшін ұшу-қону жолағы бар, ол қаланың төменгі бөлігінде орналасқан. Маңында көпқабатты үйлер бар, бұл – үстірт, жер сілкінісі болған жағдайда ол жердегілер сақталады. Бұл бірегей жер, халық сонда жиналады, лагерь жасақталып, зардап шеккен тұрғындар мен республикалық жедел штаб жұмыс істейді", - деп түсіндірді ол.
Қалай жетуге болады деген сұраққа жауап берген ол нысанның сол жағында Сүйінбай даңғылы, ал оң жағында Алматы-Қапшағай тасжолы орналасқанын атап өтті. Сонымен қатар 500-600 метр жерде теміржол желісі бар.
"Ол жерге жол дайындадық. Стандарт бойынша, онда төсек орындарына 15 мың адамға дейін сыяды. Ал егер бұл жерді жиналатын орын деп есептесек, онда 50 мың адамға дейін сыяды. Бұл жалғыз орын емес, көп адамдар сонда ғана жиналады деп ойлайды. Бірақ шын мәнінде бұл тек негізгі жиналатын орын", - деді спикер.
Оның сөзінше, ол жерге көшпелі госпиталь орналастырылады деп жоспарланып отыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2178491-almatyda-zher-silkinisi-bolganda-halyq-qaida-zhinalady-tzhm-okili-zhauap-berdi/