jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Аида Тақабаева
Аида Тақабаева
Бұрынғы қызметкер

Алматыда Бұқар жырау бульварының бір бөлігі бір аптаға жабылады

Жол белгісі
Жол белгісі. Көрнекі фото: pixabay.com

Алматыда Бұқар жырау бульварының бір бөлігі келесі аптада уақытша жабылады – мұнда газ құбырын ауыстыру жұмыстары жүргізіледі. Бұл туралы әкімдікке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Газ құбырын ауыстыруға байланысты 28 қазан сағат 09:00-ден 3 қараша сағат 19:00-ге дейін Бұқар жырау бульварының Есентай өзенінен Байзақов көшесіне дейінгі аралықтағы бір қозғалыс жолағы жабылады", - делінген Telegram-дағы Almaty_Joly арнасында жарияланған хабарламада.

Жарокова көшесінен Бұқар жырау бульварының бойымен Есентай өзеніне дейінгі аралықтағы орташа қысымды жерасты газ құбыры 1972 жылы пайдалануға берілгені айтылған. Пайдалану кезінде оқшаулағыш жабынның зақымданғаны және құбыр 4 жерінен коррозияға ұшырағаны анықталған.

Жұмыстар аяқталғаннан кейін айналаны абаттандыру және асфальт жабынын қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі.

Бұған дейін Алматыда 25-27 қазан аралығында ауылшаруашылығы жәрмеңкесі өтетіндіктен Сәтбаев көшесінің Уәлиханов көшесінен Достық даңғылына дейінгі бөлігі жабылатыны хабарланған еді.

Алматыда Бұқар жырау бульварының бір бөлігі бір аптаға жабылады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.