Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбелік келіншек балаларын үш айға жуық көре алмай жүргенін айтып көмек сұрады

Жарияланған күні:

келіншек
Көрнекі фото: pixabay.com

Ақтөбеде 18 жыл отасқан ерлі-зайыпты арасындағы жанжал ушығып кетті. Төрт баланың анасы балаларын үш айға жуық уақыттан бері көре алмай жүргенін айтады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Айгүл Нұртаева 20 жылдық тәжірибесі бар ағылшын тілі пәнінің мұғалімі. 18 жыл отасқан күйеуімен орталарында төрт бала бар. Өз сөзінше, араздасып қалғандықтан ортақ балаларын бөлісе алмай жүр. 41 жастағы келіншек қазір төркініне қайтып, Темір ауданы Шұбарқұдық елді мекеніндегі мектепте жұмыс істеп жүр. Төрт балалы келіншек балаларын көрмегеніне үш айға жуық уақыт өткенін айтады.

"Қазір ажырасу процесіндеміз. Төрт баламыз бар. Осы жаста мұндай шешім қабылдау оңай болмады. Шілде айында төркініме 5 және 7 жастағы екі кішкентай баламды алып кеттім. Ауыл мектебіне өзім жұмысқа кіріп, екі баламды сабаққа бердім. Күйеуім үлкен ұлым мен қызымды ертіп әкеліп, екі кішкентай баламды алып кетті. Полиция қызметкеріне "үш күннен соң әкеп беремін" деп қолхат жазды. Бірақ баламды әкелмеді. Аяғында жолдасым өзімнің қызымды "ұрдың" деп үстімнен арыз жазды. Темір ауданы әкімдігі жанындағы қамқоршылық және қорғаншылық кеңесі "бала оқуын анасының қасында жалғастырсын" деген болатын. Бірақ ауылдағы мектептен құжатын алып кетіп, қалада оқытып жатыр. Менің конституциялық, аналық құқығым тапталып жатыр, екі айдан бері балаларымды көруге зар боп отырмын", - деді Айгүл Нұртаева.

Айтуынша, 11 сыныпта оқитын үлкен қызы ҰБТ-ға дайындалып жүргендіктен оны әкесінің қасынан қозғамаған. Үлкен ұлы – студент. Басқа қалада оқиды. Бастауыш сыныптарда оқитын екі баласын қасына алғысы келеді. Келіншек психологиялық және наркологиялық диспансерде есепте тұрмайтынын, ішімдік ішпейтінін алға тартып отыр.

Қазіргі уақытта Темір ауданы полиция бөліміне, аудандық прокуратураға, Ақтөбе қалалық полиция бөлімі, қалалық прокуратура, қалалық білім бөлімі, облыстық білім бөлімі, ана мен бала құқығын қорғау комитетіне арыз жазып көмек сұрағанын айтты. Бәрі де сот шешімін күтуге кеңес берген.

Ақтөбе облыстық білім басқармасы өкілінің айтуынша, келіншектің өтініші қорғаншылық және қамқоршылық органға жіберілген.

"Ерлі-зайыпты әлі ажыраспаған. Балаларға құқықтары тең. Мәселені сотқа жүгіну арқылы ғана шеше алады", - дейді облыстық білім басқармасындағылар

Осы уақыт ішінде ерлі-зайыпты бір-бірінің үстінен арыз жазған, екеуі де жауапқа тартылған.

"2024 жылы 1 қыркүйек күні Темір ауданы полиция басқармасына заңды некеде тұрған тұрғындардан бір-біріне қарама-қарсы арыз түсті. Аталған оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 109-1 бабы 1 бөлігімен қылмыстық іс қозғалды. Темір аудандық сотының шешімімен әйелге 369 200 мың теңге көлемінде айыппұл салынып, оның жолдасы 80 сағат қоғамдық жұмысқа тартылды. Заңды некедегі жасы кәмелетке толмаған балалардың кімде қалатыны туралы заңды шешім қабылдау үшін азаматтық сотқа жүгіну керектігі түсіндірілді", - деп хабарлайды Ақтөбе облыстық ПД өкілі.

Келіншектің айтуынша, ажырасу бойынша сот процесі 30 қазанда өтуі керек.

Автор: Ардақ Ерубаева

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2179901-aqtobelik-kelinshek-balalaryn-ush-aiga-zhuyq-kore-almai-zhurgenin-aityp-komek-surady/