Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Уақыттың өзгеруі құрылысшылардың жұмысына әсер етті ме: министр Шарлапаев жауап берді

Жарияланған күні:

Читать на русском
Құрылысшылар. Көрнекі сурет
Құрылысшылар. Көрнекі сурет: pixabay.com

Үкімет отырысында индустрия және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев біртұтас уақыт белдеуінің енгізілуі құрылысшылардың жұмысына әсер ете ме, жоқ па деген сұрақ қойылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Журналистер бірыңғай уақыт белдеуінің енгізілуіне байланысты құрылысшылардың жұмыс істейтін уақыты қысқарғанын атап өтті. Осыған байланысты Қанат Шарлапаевтан сала өкілдерінен шағым түсті ме деп сұрады.

"Бұл сұрақ басқа да министрліктерге қатысты ғой, бұған беруім дұрыс емес деп есептеймін. Біз құрылыс саласының өкілдерімен, құрылысшылармен үнемі байланыстамыз. Сіз айтақна сұрақ бойынша шағым түспеді", - деп сендірді министр.

Жақында Қазақстанда сағат белдеуі туралы жаңа петиция пайда болды. Авторлар кейбір аймақтарда уақытты екі сағатқа алға жылжытуды ұсынып отыр.

Еске салсақ, биыл 1 наурызда Қазақстан бірыңғай UTC +5 уақыт белдеуіне ресми түрде ауысты. Еліміздің бірнеше өңірінде уақыт бір сағатқа артқа жылжыды.

Атап айтқанда, Астана, Алматы, Шымкент қалаларында, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Шығыс Қазақстан, Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарында жергілікті уақыт бір сағатқа артқа қойылды.

Бұған дейін 2 тамызда Астанада бірыңғай уақыт белдеуіне қарсы петиция бойынша шешімнің жобасын қоғамдық талқылау өтетіні хабарланған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2180249-uaqyttyng-ozgerui-qurylysshylardyng-zhumysyna-aser-etti-me-ministr-sharlapaev-zhauap-berdi/