Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Адамдар 600 мың теңге айлыққа жұмыс істегісі келмейтіні рас па: Тамара Дүйсенова министрдің мәлімдемесіне жауап берді

Жарияланған күні:

Тамара Дүйсенова
Тамара Дүйсенова. Фото: akorda.kz

Мәжіліс отырысына келген премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова қазақстандықтар 600 мың теңге жалақыға жұмыс істеуге бармайды деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова аймақтарда азаматтар 600 мың теңге жалақыға жұмыс істеуге бармайтынын айтқан еді. Журналистер вице-премьерден мұндай ақпараттың қайдан шыққанын сұрады.

"Мұны Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінен сұрау керек шығар. Бұл – оның пікірі. Бірақ ол экономикадағы орташа жалақы туралы айтқан жоқ, ол жұмыс берушілер электрондық еңбек биржасына ілетін ақпарат бойынша айтты. Сондықтан қандай кәсіпорын, қандай маман туралы айтқанын нақтылап, ақпарат алу керек", - деді ол.

Сондай-ақ вице-премьер "орташа жалақы 300 мың теңгеден жоғары екендігі шынайы жағдаймен сәйкес пе?" деген сұраққа жауап берді.

"Мүмкін министр миллион алатын шығар, ал біреу 100 мың алады. Ресми статистика бар, ол барлық жұмыс берушілердің дерегін ұсынады. Орташа жалақы төменгіден жоғарыға қарай алынады. Бұл ресми ақпарат, сондықтан ол шындыққа сай келмейді деп айта алмаймыз",- деді вице-премьер.

Айта кетейік, еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова СҚО-да дәнекерлеушілердің жалақысы 600 мың теңге екенін, алайда мұндай жұмысқа адамдар бармайды деп айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2180502-azamattar-600-myng-tengge-ailyqqa-zhumys-istegisi-kelmeitini-ras-pa-tamara-duisenova-ministrding-malimdemesine-zhauap-berdi/