Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Технологиялық нормалар бұзылған": энергетика министрі тұрғындары жылусыз қалған Сарандағы жағдай туралы пікір білдірді

Жарияланған күні:

Читать на русском
Жылу батареясы
Жылу батареясы. Көрнекі фото: pxhere.com

Мәжіліс кулуарында энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев пен вице-премьер Роман Скляр тұрғындары жылусыз қалған Сарандағы апатқа пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Бүгін мәжіліс кулуарында энергетика министрі мен вице-премьер Сарандағы жағдайды түсіндірді.

"Апат" режимі іске қосылды. Премьер-министрдің тапсырмасы бойынша жедел штаб құрылды, апат орнында резервтегі жылыту жүйесін пайдалану туралы шешім қабылдадым. Бірнеше күн ішінде – 2-3 күнде барлық тұрғын үй мен әлеуметтік-тұрмыстық нысандар жергілікті қазандықтарға қосылды.

Комиссия өз қорытындысын жасады: бұл қазандықты пайдалануға беру кезінде технологиялық нормалар бұзылған. Осы станцияны жобалап, пайдалануға беруге қатысты сұрақтар болды. Сондай-ақ министрлікпен келіспестен, іске қосу жұмыстарын жүргізбестен, үйлерді осы қазандыққа қайта қосу жұмыстары жүргізілген. Осыған орай бұл жағдайды қарау қорытындысы бойынша қала басшылығына қатысты шаралар, оның ішінде тәртіптік жазалар да қолданылды", - деді министр Алмасадам Сәтқалиев.

Премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр да осы жағдайға пікір білдірді.

"Былай істейік. Жылу маусымының басталуына байланыстының барлығын бөле қарастырайық. Қандай да бір жүйелік қателер бар, ол жаңа қазандық салуға, жылу жолдарын жөндеуге ақша бөлмеу және таза ұйымдастыру мәселелері бар. Қазір ол (жаңа қазандық – ред. ескертпесі) жұмыс істеп тұр", - деді Скляр.

Склярдан тағы қандай өңірлерде осындай жағдай туындауы мүмкін екені сұралды, ол басқа өңірлерде мұндай мәселе жоқ екенін алға тартты.

Еске салсақ, бұған дейін Қарағанды облысындағы Саран қаласында қала тұрғындары әлеуметтік желіде жылусыз отырғанын айтып, шағымданған еді. Кейін Саран қаласының әкімі Еркін Баулықов осы мәселеге қатысты видеоүндеу жолдады.

Үкімет отырысында осы мәселе кезектен тыс көтеріліп, премьер-министр Олжас Бектенов қаладағы жағдай бойынша тексеріс жүріп жатқанын, тексеру нәтижесі бойынша материалдар құқық қорғау органдарына жіберілетінін айтты.

Ал 16 қазанда Сарандағы үйлерді мамандар қайтадан ескі қазандықтарға қосып жатқаны мәлім болды.

28 қазанда қызметтік міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін, атап айтқанда, жылыту маусымына дайындықты жеткіліксіз түрде бақылағаны үшін Саран қаласының әкімі Еркін Баулықов пен Қарағанды облысының энергетика және ТКШ басқармасының басшысы Тілектес Досаев қатаң сөгіс алғаны, ал облыс әкімінің бірінші орынбасары Азамат Тайжановқа ескерту түрінде тәртіптік жаза жарияланғаны мәлім болды.

29 қазанда жылыту маусымына дайындық кезеңінде олқылық жібергені үшін Саран әкімі қызметінен босатылды.

Айта кетейік, Еркін Баулықов бұл қызметке 2023 жылғы 21 қыркүйекте тағайындалған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2180507-tehnologiialyq-normalar-buzylgan-energetika-ministri-turgyndary-zhylusyz-qalgan-sarandagy-zhagdai-turaly-pikir-bildirdi/