"Жиі өзгеру емес, заңды құбылыс": оқу-ағарту министрі білім беру бағдарламасы жаңартылуына қатысты айтты
Жарияланған күні:
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев 2026 жылдан бастап жаңартылған білім беру бағдарламасы енгізілетінін, мұндай өзгеріс әр 10 жыл сайын болатынын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Министрдің сөзінше, әлем елдерінде әр 10 жыл сайын білім беру бағдарламасын жаңарту практикасы бар.
"Әлемдегі білім саласындағы үдерістер бойынша он жыл сайын білім беру бағдарламасына өзгерістер енгізіліп отырады. Білім беру бағдарламасындағы өзгерістер 2016 жылы болды. Одан кейін пандемия болды, жасанды интеллект келіп жатыр. Сондықтан әлемде мұндай көзқарас бар.
Бұл жиі өзгеру емес, заңды құбылыс екенін білу керек. Бұл мемлекеттік стандарттағы жаңа стандарт емес, қазіргі бар бағдарламаны шыңдау. 2026 жылдан бастап жаңартылған білім бағдарламасы енгізіледі. Оқулықтарға қатысты, басқа да сын-ескертпелер көп болды. Ұлттық құндылықтарға қатысты өзгерістер, стандарттағы олқылықтарүа қатысты өзгерістер болды", - деді министр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2180657-zhii-ozgeru-emes-zangdy-qubylys-oqu-agartu-ministri-bilim-beru-bagdarlamasy-zhangartyluyna-qatysty-aitty/