Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мұғалімдер жалақы ала алмай қалады": депутат Қожаназаров бюджет жобасын қолдап дауыс беру себебін айтты

Жарияланған күні:

Nur.kz/Бақытжан Отарбаева
Айдарбек Қожаназаров: Nur.kz/Бақытжан Отарбаева

Депутат Айдарбек Қожаназаров Мәжілісте бір жарым ай талқыланған республикалық бюджет жобасын сынағанымен, қолдап дауыс бергенін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Депутаттың айтуынша, мақсат жобаны қабылдатпай тастау емес, қанағаттанбай тұрған тұстарын айтып, өзгеріс енгізу.

"Сынасаң, қолдамау керек деген мәселе тұрған жоқ бұл жерде. Бүкіл партиялар жобаны сынап, бекітпей қойса, мемлекеттік мекемеде жұмыс істейтін дәрігерлер, мұғалімдер жалақы ала алмай қалады. Депутат ретінде біздің жұмысымыз оны бекітпей, кедергі жасау емес. Қанағаттанбай отырған мәселелерді көтеріп, оларды үкіметке жеткізу. Біздің қанағаттанбай отырған сұрақтарымыз басында 20-30 сұрақ болды. Бізге үкіметтен "қолдасаңдар, қолдайсыңдар, қолдамасаңдар да, қолдайсыңдар" деген көзқарас болған жоқ.

Парламент пен үкіметтің жұмыс барысы ондай емес. Үкімет мүшелері бізге келіп, сол сұрақтарды талқылап, жауап берді. "Мына сұрақтарды шештік, ал мыналарын шешу қолымыздан келмейді" деп айтты. Біздің ұсыныстарымыздың ішінде енгізілгендері көп болды. Біз қанағаттанбаған дүниелерімізді айтып, үкімет әрі қарай жұмысын істеуі үшін бюджет жобасын бекітіп бердік", - деді ол.

Депутат сондай-ақ Ұлттық қордан алынатын 6 трлн теңге туралы айтты.

"6 трлн теңге Ұлттық қордан алып жатырмыз. Оның себебі неде? Оны алмай, әлеуметтік шығындарды, мұғалімдердің жалақысын қысқартамыз ба? Үкімет бізге шығындардың орынды екенін осы бір жарым ай ішінде дәлелдеп шықты", - деді Айдарбек Қожаназаров.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2180682-mugalimder-zhalaqy-ala-almai-qalady-deputat-qozhanazarov-biudzhet-zhobasyn-qoldap-dauys-beru-sebebin-aitty/