Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда "ҚазМұнайГаз", "Бәйтерек" және "Отбасы банк" компанияларын тексеру басталды

Жарияланған күні:

Құжатқа қол қойып отырған ер адам
Құжат толтырып отырған ер адам. Көрнекі фото: pexels.com

Мәжіліс алаңында Жоғарғы аудиторлар палатасының басшысы Әлихан Смайылов ведомствоның қай жерде тексеру жүргізуді жоспарлап отырғанын және оның неден басталғанын айтып берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

"Қазіргі уақытта 9 айдың қорытындысы бойынша біз 9 трлн теңгеден астам соманы қамтитын 18 аудиторлық іс-шара өткіздік. Жыл соңына дейін бірқатар аудиторлық іс-шаралар өткізу жоспарлануда. Мысалы, ауыл шаруашылығын субсидиялаудың тиімділігі. Желтоқсан айында осы мәселемен Мәжілістің жалпы отырысына келеміз. Бұл көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды іске асырудың тиімділігі. Біз бұл жұмысты қазір де белсенді жүргізіп жатырмыз. Бұл нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрестің тиімділігі.

Сондай-ақ, мысалы, Ұлттық ұланда және оның ведомстволық бағынышты ұйымдарында біз аудит жүргіземіз. Барлық осы мәселелер бойынша біз жұртшылықты, парламентті және сіздерді (журналистер – ред. ескертпесі) хабардар етеміз ", - деді Жоғарғы аудиторлар палатасының басшысы Әлихан Смайылов.

Сондай-ақ ол Қазақстандағы ірі квазимемлекеттік компаниялардағы тексерулер туралы айтты.

"Ірі квазимемлекеттік компанияларға келетін болсақ, "Қазмұнайгазда" және оның ведомстволық бағынысты ұйымдарында және серіктес компанияларда қазіргі уақытта мемлекеттік аудит жүргізілуде. Сондай-ақ біз аудитті "Бәйтеректе" және оның ірі ведомстволық бағынысты ұйымдарында, Қазақстанның Даму Банкінде, "Даму" қорында, "Отбасы банкінде", Аграрлық несие корпорациясында бастадық.

Тартылатын қарыздардың тиімділігіне қатысты: бұл қарыздар қайда жіберілді, олар мақсатты түрде пайдаланылды ма және бұл қаражаттың елге тартылуының қандай әсері бар. Осы аудиттердің нәтижелерін келесі жылдың бірінші тоқсанында береміз. Сондай-ақ біз "Самұрық - Қазына" корпоративтік басқару бойынша басшылықтың тиісті тапсырмасына байланысты аудит жүргізіп жатырмыз", - деді Смайылов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2180687-qazaqstanda-qazmunaigaz-baiterek-zhane-otbasy-bank-kompaniialaryn-tekseru-bastaldy/